Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | «Қайрат» алтыншы рет Қазақстан кубогында жеңіске жетті

23.11.2015

«Қайрат» алтыншы рет Қазақстан кубогында жеңіске жетті

        Алматының «Қайрат» футбол клубы Қазақстан кубогының жеңімпазы атанды. Вайсс шәкірттері финалда «Астананы» жеңді.   

      Кездесуді «Қайрат» белсенді бастағанымен алғашқы голды «Астана» ойыншылары соқты. Ганалық шабуылшы Патрик Твумаси «Қайрат» қақпашысының қателігін тиімді пайдаланды. Осылайша ол биылғы жылы кубоктағы алтыншы голын соқты.

      Ал екінші кезеңде Джорджо Деспотович екі мәрте мергендік танытып, «Қайратты» алға шығарды. Осы есеп матч соңына дейін сақталып қалды.

«Астана» –«Қайрат» – 1:2

Голдар: Твумаси, 28 (1:0). Деспотович, 48 (1:1). Деспотович, 70 (1:2).

        «Астана»: Эрич, Бейсебеков (Кетевоама, 74), Постников, Аничич, Шомко, Мұжықов, Жуков, Максимович, Жолшиев (Кабананга 74), Нөсербаев (Щеткин, 86), Твумаси.
      «Қайрат»: Плотников, Рудосельский (Нұрмұғамет, 81), Плиев, Соарес, Маркович, Бакаев, Қуат (Гурман, 88), Исламхан, Риера, Деспотович (Гоу, 90), Тимощук.

      «Қайрат» үшін биылғы маусым осымен аяқталды. Ал «Астана» Чемпиондар лигасындағы соңғы екі ойынын өткізеді.

       «Қайрат» өз тарихындағы осымен алтыншы рет Қазақстан кубогына иелік етіп отыр.

Қазақстан кубогының жеңімпаздары:

1. «Қайрат» (Алматы) – 6 рет;
2. «Жеңіс» (Астана) – 3;
3. «Астана» (Астана) – 2;
4. «Достык» (Алматы) – 1;
5. «Восток» (Өскемен) – 1;
6. «Елімай» (Семей) – 1;
7. «Ертіс» (Павлодар) – 1;
8. «Қайсар-Харрикейн» (Қызылорда) – 1;
9. СОПФК «Қайрат» (Алматы) – 1;
10. «Тараз» (Тараз) – 1;
11. «Алма-Ата» (Алматы) – 1;
12. «Тобыл» (Костанай) – 1;
13. «Ақтөбе» (Актобе) – 1;
14. «Атырау» (Атырау) – 1;
15. «Ордабасы» (Шымкент) – 1;
16. «Шахтёр» (Қарағанды) – 1.

Бек ТӨЛЕУОВ

ФОТО - Бауыржан ЖУАСБАЕВ

       Baq.kz 

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті