Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Алматыда «Елін сүйген, ел сүйген Елбасы» атты кітап көрмесі және музыкалық кеш өтеді

23.11.2015

Алматыда «Елін сүйген, ел сүйген Елбасы» атты кітап көрмесі және музыкалық кеш өтеді

      Алматыдағы ҚР Ұлттық кітапхан асында 24 қарашада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай «Елін сүйген, ел сүйген Елбасы» атты кітап көрмесі және  музыкалық кеш өтеді.

       Ұйымдастырушылар: ҚР Ұлттық кітапханасы, Алматы қаласы Медеу аудандық «Нұр Отан» партиясының филиалы, С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің Студенттердің әлеуметтік мәдени құзыреттерін дамыту департаменті.

        Көрменің мақсаты – Қазақстан  Республикасының Тұңғыш Президентінің тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы тарихи рөлін, Қазақстан қоғамын жаңарту мен қайта құруда сіңірген еңбектерін көрсету.         

       Көрмеге қазақ, орыс және шет тілдердегі 3000-нан астам басылым қойылып отыр.  Онда Тұңғыш Президенттің өмір жолы: жастық шағы, есейіп, еңбекке араласқан жылдары, саяси және қоғамдық қызметі қамтылған. Тәуелсіз мемлекетіміздің қысқа мерзім ішінде жүріп өткен жолын, тарихи оқиғаларын, Елбасы туралы әлем саясаткерлерінің ой-пікірлері, ақын-жазушылар шығармаларының топтамалары ұсынылды. Сондай-ақ, Н.Назарбаевтың 1958-1969 жылдардағы алғашқы еңбек жолын қамтитын 30-ға жуық мақалалар ұсынылған. Мақалалар республикалық «Социалистік Қазақстан», «Лениншіл жас», «Казахстанская правда», «Ленинская смена» және облыстық «Индустриальная Караганда», «Орталық Қазақстан», «Темиртауский рабочий», «Со­циалистическая Караганда», «Металлург», «Советтік Қарағанды» газеттерінде жарияланған.

        Көрме аясында С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ студенттері өз өнерлерін көрсетеді.

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті