Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Қазақ тіліндегі 4000 кітапты енді мобильдік қосымша арқылы тегін оқуға болады

24.11.2015

Қазақ тіліндегі 4000 кітапты енді мобильдік қосымша арқылы тегін оқуға болады

    Қазақ тілді 4000-нан аса кітапты жинақтаған тегін kitap мобильдік қосымшасы Қазақстанда пайда болды. Мобильдік қосымшаны «WikiBilim» қоғамдық қоры «Кселл» мобильдік операторының қолдау көрсетуімен жасап шығарды.

        Тегін kitap мобильдік қосымшасы «WikiBilim» ҚҚ дамытып жатқан «Қазақстанның Ашық кітапханасы» атты онлайн-жобасы негізінде жүзеге асырылып отыр. Жобаның негізгі идеясы - Қазақстанның мәдени мұрасының мультимедиалық топтамасын сандық форматта қолжетімді етуге бағытталған, ал мақсаты – ұлттық әдебиет, ғылым, мәдениетке қатысты туындыларды жинақтау және авторлық құқықты сақтай отырып көпшілік арасында тарату.

     Қазіргі таңда Қазақстанның «kitap.kz»  ашық кітапханасы қазақ мәдениетімен байланысты туындылардың ең толық электрондық топтамасын, сондай-ақ, әлемдік көркем және ғылыми-көпшілік әдебиет туындыларының қазақ тіліне аударылған жинағын ұсынып отыр.

      «Қазақстанның Ашық кітапханасында» 500-ден аса автордың 4000-ға жуық кітабы жинақталып, www.kitap.kz сайтына шығарылған. Жобаға Ілияс Жансүгіров, Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезов, Ғабиден Мұстафин, Қасым Аманжолов, Бауыржан Момышұлы, Зейін Шашкин, Жұбан Молдағалиев, Қалижан Бекхожин, Сағи Жиенбаев, Ғафу Қайырбеков, Мұқағали Мақатаев, Сафуан Шаймерденов, Зейнолла Қабдолов, Қалтай Мұхамеджанов, Сәкен Жүнісов, Сауырбек Бақбергенов секілді авторлардың мұрагерлері алғашқылардың бірі болып қолдау көрсетті. Сонымен қатар, көзі тірі авторлардың ішінде келесі тұлғалар да көмегін аямады:  Әбіш Кекілбаев, Мұхтар Шаханов, Софы Сматаев, Қабдеш Жұмаділов, Шерхан Мұртаза, Төлен Әбдіков, Дулат Исабеков.

     «Қазақстанның Ашық кітапханасы», мәдени мұраға қалай қол жеткізетінімізге қатысты, жалпы мәдениетке деген көзқарасымызды өзгертіп отыр. Жоба кең оқырман қауымына әдебиет туындыларына тұрақты түрде қол жеткізуге мүмкіндік береді. Қоғамның мәдениетке деген қызығушылығы күннен күнге артып келе жатқанына біз куәміз. Өз тарапымыздан біз еліміздің мәдени мұрасын бір жерге шоғырландыру үшін аянбай еңбек етіп келеміз», - деп атап өтті “WikiBilim” ҚҚ қамқоршылар кеңесінің мүшесі Нартай Әшім.

       «Кселл» компаниясы көпшілік оқырмандар алдында қазақ тіліндегі жарқын әдебиет әлеміне есік ашу үшін www.kitap.kz сайтында жинақталған кітаптарды бейімдеп, оларды смартфондарда оқуға болатындай мобильдік форматқа аударуға көмектесті. Мобильдік қосымша смартфондардың ең танымал үлгілеріне бейімдетіліп, енді Android және iOS жүйелерінде қолжетімді болып отыр.

     «Мемлекеттік тілді дамытуға арналған жобалар – «Кселл» компаниясының корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігінде басты орын алып отырған мәселелердің бірі. Нарықтың көшбасшысы ретінде біз мемлекеттік тілдегі ең үлкен онлайн-кітапханалардың біріне смартфондар арқылы кіруге жағдай жасауды көздеп отырмыз. Қазіргі таңда қазақстандықтардың 40%-ға жуығы смартфондарды қолданады. Біз осы қосымшаны қолданушылардың барлығына тегін ұсынып отырмыз. Бұл жоба оқырмандарының санын барынша кеңейтпек. Kitap мобильдік қосымшасы қазақ тіліндегі кітаптарға қызығушылықты арттырып, жалпы мемлекеттік тілде қалам тартып жүрген жаңа белді жазушылардың пайда болуына және әдебиеттің дамуына септігін тигізеді деп үміттенеміз», - деп атап өтті «Кселл» АҚ бас атқарушы директоры Арти Отс.

      Қазақстанның «kitap.kz» Ашық кітапханасы 2012 жылы іске қосылып, қазіргі таңда оның қолданушылар саны ұдайы өсіп келеді. Күнделікті сайтқа 2500-ден аса оқырман кіреді. Мобильдік қосымшаның іске қосылуы қазақ тіліндегі әдебиетке деген қызығушылықты, әсіресе күндізгі уақытта смартфондарды кеңінен пайдаланып жүрген 12 жастан бастап 35 жасқа дейінгі аралықтағы жастардың қызығушылығын арттырады деп күтілуде.

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті