Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Зарина Диас ең танымал 50 теннисшінің қатарына қосылды

25.11.2015

Зарина Диас ең танымал 50 теннисшінің қатарына қосылды

24-11-2015-Zarina 02

       Қазақстанның әйелдер арасындағы бірінші ракеткасы Зарина Диас әлем бойынша 2015 жылдағы ең танымал 50 теннисші қыздың қатарына енді. Бұл туралы Әйелдер теннисі қауымдастығының ресми сайты (WTA) – wtatennis.com-ға сілтеме жасаған egemen.kz хабарлады.

        Мұндай қорытынды аталған қауымдастықтың сайтындағы жанкүйерлердің әрекеттерін бақылау барысында белгілі болып отыр. Атап айтқанда, қауымдастық өкілдері биылғы маусымда мәліметтері ең көп қаралған теннисші қыздардың рейтингін түзіп, танымал 50 спортшының атын атады. Әзірге бесінші ондық, яғни, 41-орын мен 50-ші сатыда тұрған теннисшілердің аты-жөндері белгілі. Бұл қатарда Зарина 46-орында тұр.

      Айта кетейік, қазақстандық теннисші осы жылдың басында WTA рейтингінде 31-сатыға дейін көтерілген болатын. Бұл көрсеткіш әзірге біздің қыз үшін ең жоғары нәтиже болып қалуда. Бүгінде ол аталған әлемдік рейтингте 52-орынға табан тіреп тұр.

    WTA қорытындысы бойынша 2015 жылғы әлемдегі ең танымал 50 теннисшінің бесінші ондығы:

50. Моника Никулеску (Румыния)

49. Анна-Каролина Шмидлова (Словакия)

48. Юлия Гергес (Германия)

47. Андреа Миту (Румыния)

46. Зарина Дияс (Қазақстан)

45. Даниэла Гантухова (Словакия)

44. Анастасия Павлюченкова (Ресей)

43. Леся Цуренко (Украина)

42. Мэдисон Бренгл (США)

41. Ализе Корне (Франция).

         Еламан Қоңыр. Дерек: egemen.kz. Сурет: wtatennis.com.

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті