Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Абай ескерткіші Қырғызстан, Мысыр және Македонияда бой көтереді

25.11.2015

Абай ескерткіші Қырғызстан, Мысыр және Македонияда бой көтереді

 
       Абай Құнанбаевтың ескерткішін Қырғызстанда орнату жөнінде нақты тапсырма болса, Мысыр мен Македония ескерткіш орнатуды өздері ұсынып отыр.  Бұл туралы zakon.kz порталында өткен «Министрге сұрақ қой» атты онлайн-конференцияда ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлім етті.

       «Қазақтың ұлы ақыны Абайдың мәртебесі тек еліміздің көлемінде емес, шет елдерде де асқақ екені белгілі. Абай есімімен еліміздің әр елді мекенінде көше, оқу, мәдениет ұйымдары аталып, барлық бас қалаларында және ірі елді мекендерінде ескерткіштер орнатылған. Соның ішінде, Астана қаласындағы Абай даңғылы мен Әуезов көшелерінің қиылысында Абайдың монументалды ескерткіші  бой көтерген», - деді министр.

      Сонымен қатар ол Абай Құнанбаевтың шет елдерде тек шет тілдеріне аударылған шығармашылығы арқылы ғана танымал еместігін, оның есімімен  Баку, Ташкент, Бішкек, Каир, Берлин, Дели, Киев   қалаларында көшелер аталған деп өткен.

       «Ал оның монументалды ескерткіштері Ресейдің Мәскеу қаласының орталығында, Ташкент (Өзбекстан) қаласында, Венгрия, Иран, Қытай елдерінің бас қалаларында орнатылған. Бұдан өзге Абай ескерткішін жуық мерзімде Бішкек қаласында (Қырғыз Республикасы) орнату жөнінде тапсырма бар. Сондай-ақ, оның ескерткіштерін  Мысыр Араб Республикасының Каир қаласында, Македонияның Скопье қаласында орнату жөнінде шет елдерден ұсыныстар бар», - дейді А.Мұхамедиұлы.

        http://www.inform.kz/kaz/article/2842903

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті