Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | «Алтын қалам» ұлттық әдеби байқауының жеңімпаздары анықталды

25.11.2015

«Алтын қалам» ұлттық әдеби байқауының жеңімпаздары анықталды

      Алматыда Ықылас атындағы халық музыка аспаптары музейінде «Алтын қалам-2015» ұлттық әдеби байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

        Байқау қорытындысы бойынша мына тұлғалар төмендегі аталымдар бойынша үздік атанды.

«Жылдың үздік поэзиясы» аталымы - Байтусов Нұржан. Шығыс Қазақстан облысының  Абай ауданынан.

«Жылдың үздік прозасы» - Шойбек Орынбай. Шымкент қаласы.

«Жылдың үздік балалар және жасөспірімдер шығармасы» - Есболат Айдабосын. Талдықорған қаласы.

«Жылдың үздік драматургиясы» - Мұрат Қолғанат. Алматы қаласы

«Жылдың үздік сатирасы» - Шайхыұлы Ермахан. Алматы қаласы

«Жылдың үздік фантастика және детектив шығармасы» - Шойбек Орынбай. Шымкент қаласы

«Қазақ әдебиетіне қосқан елеулі еңбегі үшін» аталымы -  Елубаев Смағұл

Орыс тіліндегі аталымдар бойынша:

«Лучшая поэзия года»  аталымы -   Игнатовская Елена. Павлодар қаласы.

«Лучшая проза года» аталымы -  Половинко Вячеслав. Ақтөбе қаласы. 

«Лучшая детская и подростковая литература года» аталымы - Шалабаева Аружан. Алматы қаласы.

«Лучшая фантастика и детектив года» аталымы - Муканова Дана. Астана қаласы.

«За вклад в развитие литературы» аталымы - Михайлов Валерий.

«Подающая надежды»  аталымы - Жылқайдарова Тахмина. Алматы облысы.

       Айта кетелік, "Алтын қалам" ұлттық әдеби жүлдесі алғаш рет 2010 жылы өткізіліп, "Жылдың үздік прозасы", "Жылдың үздік поэзиясы", "Жылдың үздік балалар шығармасы", "Жылдың үздік драматургиясы", "Жылдың үздік ғылыми-іскерлік жұмысы" аталымдары бойынша жеңімпаздар анықталды. Сонымен қатар, «Қазақ әдебиетіне қосқан зор үлесі үшін» аталымы бойынша саяси қылмыскер деп айыпталып, Қытай түрмесінде 40 жылдай отырған, «Қылмыс» атты 6 томдық кітапты абақтыда жазып шыққан, Қытай өкіметі тарапынан саяси себептерге байланысты қудаланған қазақтың арда азаматы, бүкіл ғұмыры азаттық үшін күреспен өткен Қажығұмар Шабданұлы марапатталған еді. Бұл қаламгердің туған отанынан алған алғашқы әдеби сыйлығы болатын.

        2014 жылы "Алын қалам" жүлдесіне 165 автор қазақ және орыс тілдерінде жазылған 364 шығармасын жолдады. Авторлар қатарының артуы "Алтын қалам" әдеби жүлдесінің тәуелсіз және әділ өтетінінің айғағы. Аталған жүлде қазақстандық оқырмандарға бүгінгі қаламгерлермен танысуға, олардың еңбектерін бағалауға, балалар мен жасөспірімдерді көркем шығармаларды оқуға ынталандыруға және патриотизм арқылы салауатты, мәдени ортаны қалыптастыуға септігін тигізеді

      Ал биылғы байқауға аталымдар бойынша қазақ тілінде авторлардан 117, ал орыс тілінде 148 шығарма ұсынылды. 

      http://www.inform.kz/kaz/article/2842869

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті