Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Алматыда «Қасиеттім – Желтоқсан!» атты концерт өтеді

26.11.2015

Алматыда «Қасиеттім – Желтоқсан!» атты концерт өтеді

        

      Алматыдағы «Алатау» концерт залында 3-желтоқсан күні «Қасиеттім – Желтоқсан!» атты концерт болады. Биыл екінші рет өткелі отырған бұл шарада 1986 жылғы желтоқсанда алаңда шырқалған әндермен қатар, желтоқсанды жырлаған шығармалар және де ел тәуелсіздігін толғайтын отаншылдық рухтағы әндер орындалады. Оны Алматы қаласының Ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Жерұйық» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырып отыр.

       Концерттің басты мақсаты – 1986 жылғы Желтоқсан көтерлісі тақырыбында жарық көрген музыкалық шығармалар мен әндерді насихаттау. Онда желтоқсан алаңында шырқалған «Атамекен» әнінен бастап, оқиғадан кейінгі уақытта шыққан «Желтоқсан  тағылымы», «Желтоқсан  желі», «Бостандықтың  бойтұмары – желтоқсан», «Қара  бауыр қасқалдақ», «Желтоқсан маршы», «Желтоқсан жастары маршы» және «Қайсар қазақ» сынды желтоқсан тақырыбына арналған және ел тәуелсіздігін толғайтын отаншылдық рухтағы өзге де әндер орындалады.

     Концертке Қазақстанның Халық әртістері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаттары Нұрғали Нүсіпжанов пен  Мақпал Жүнісова, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртістері әнші Бағдат Сәмединова,  күйші Айгүл Үлкенбаева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері  Құдайберген Бекіш пен Құрманбек Әлімғазы, әнші-композитор Әбүйірбек Тінәлиев және  Өмірқұл Айниязов, Біржан Хасанғалиев, Әлия Әбілқайыр, Артұр Ізтілеуов және «Алашұлы» тобы сынды өнер жұлдыздары қатысады.

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті