Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Астанада ұлттық спорт үздіктері анықталды

26.11.2015

Астанада ұлттық спорт үздіктері анықталды

25.11.2015 AST

 
         Астанада Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының ұйымдастыруымен «Алтын Тұғыр» ұлттық спорт үздіктерін марапаттау рәсімі өтті. 

        «Нұр Отан» партиясының қолдауымен өткізілген шараға партия Төрағасының бірінші орынбасары Асқар Мырзахметов, партия Хатшысы, Ұлттық спорт қауымдастығының құрметті президенті Қайрат Сатыбалдыұлы қатысып, жеңімпаздарды құттықтады.

        Рәсімде А.Мырзахметов Мемлекет басшының саясатының арқасында тарихымыздың түгенделіп, ұлттық спорт түрлеріміздің қайта дамып келе жатқанын атап өтті. Осы орайда ол «Нұр Отан» партиясының қайта жанданып, қарқын алып жатқан ұлттық құндылықтарымызды қолдап, оның насихатталуы мен дамуына барынша жағдай жасайтынын айтты.

      «Биыл партияның тікелей қолдауымен Астана қаласында Қазақстан Республикасы Конституциясының және Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай Теңге ілуден I ашық Азия чемпионаты мен Асау үйретуден республикалық турнирі, сонымен бірге екінші рет аламан бәйгеден Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Алтын тұлпар» және «Қазақстан барысы» республикалық турнирі, ал Тараз қаласында «Ұлы дала» ойындары мен «Еуразия барысы» халықаралық турнирі ұйымдастырылды», деді ол. Ұлттық спорт қауымдастығының құрметті президенті Қайрат Сатыбалдыұлы өз сөзінде биылғы жыл ұлттық спортымыз үшін табысты жыл болғанын,  ұлттық спорттың барлық түрінен жарыстар ұйымдастырылып, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарлардың анықталғанын,  бәйге, көкпар, қазақ күресі, аударыспақ, теңге ілу, жамбы ату, тоғызқұмалақ секілді спорт түрлері тар шеңберден шығып, халықаралық деңгейге өскенін айтып,  қазіргі кезде ұлттық спорт түрлеріміздің шетелде де дамып, еліміздің имиджін көтеруге ықпал етіп жатқанын атап өтті.

         «Осының бәрі түптеп келгенде ұлттық құндылықтарды қолдап, дәстүрімізге мән беріп жүрген Елбасының және барша азаматтардың қолдауының арқасы деп білемін», деді Қайрат Сатыбалдыұлы.

       Сонымен бірге ол жалғыздың шаңы шықпас дегендей, ұлттық спортымызды қолдап, одан жарыстардың өткізілуіне жағдай жасап жатқан Мәдениет және спорт министрлігіне, «Нұр Отан» партиясына, «Самұрық-Қазына» қорына, облыстық әкімдіктерге, кәсіпкер азаматтарға алғысын айтты. Осы жерде ол Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған мерейтойда өткен жарыстарды, басқа да ұлттық спорттан өткізілген бәсекелерді телеарнада насихаттағаны үшін «Қазақстан» мен «Астана» телеарналарына ризашылығын білдірді.

       Рәсімде партия Төрағасының бірінші орынбасары Асқар Мырзахметов «Елжан» төсбелгісін Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаевқа, Алғыс хатты «Қазақстан» РТРК төрайымы Нұржан Мұхамеджановаға табыс етсе, партия Хатшысы, Ұлттық спорт қауымдастығының құрметті президенті Қайрат Сатыбалдыұлы көкпардан «Әулие Ата» командасын «Үздік көкпаршылар», Ром Әуесханды «Үздің ұйымдастырушы» атағымен марапаттады. Ал биыл ұлттық спорт түрлерінен үздік көрсеткішке жеткен 11 спортшыға «Алтын тұғыр» кәдесыйы табыс етілді.

       Дастан Кенжалин. 

       Дерек: egemen.kz Сурет: nurotan.kz

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті