Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Алматыда агроөнеркәсіп кешенін дамытудағы ғылым мен білімнің басымды бағыттарының жаңа стратегиясы талқыланады

26.11.2015

Алматыда агроөнеркәсіп кешенін дамытудағы ғылым мен білімнің басымды бағыттарының жаңа стратегиясы талқыланады

     Алматыдағы Қазақ ұлттық аграрлық университетінде 27 қараша күні «Агроөнеркәсіп кешенін  дамытудағы ғылым мен білімнің басымды бағыттарының жаңа стратегиясы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция басталады. Қазақстанның аграрлық саладағы жетекші жоғары оқу орнының 85 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған бұл шара үш күнге жоспарланып отыр. Конференцияның негізгі мақсаты: Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің инновациялық дамуын қолдау үшін ғылыми-зерттеу және білім беру басымдықтарының стратегиясын әзірлеу.

      Университет трансформация процесіне байланысты тәжірбиелік көмек және сараптамалық тұжырым беретін әлемнің 103-ке жуық оғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу орталықтарымен тығыз әріптестік байланыста жұмыс істейді. Конференция барысында отандық және әлемдік деңгейдегі беделді эксперт-мамандар Қазақ ұлттық аграрлық университетіне трансформациялану моделін талқылап, арнайы тұжырымдама жасап, қорытынды шығармақ.

          Конференцияның ғылыми бағыттары: Агроинновация және экология; Орман шаруашылығындағы инновациялар; Су мәселелері және жерді мелиорациялау; Консалтинг және агробизнес; Аграрлық инженерия; Биоресурстар технологиясы және Ветеринарлық қауіпсіздік.

       Конференция жұмысына әлемнің аграрлы жоғары оқу орындарын біріктіретін Жаһандық консорциум мүшелері, Қазақстандағы Елшіліктер мен Консулдық қызмет өкілдері, отандық және шет ел жоғары оқу орындарының ректорлары, көрнекті ғалымдар, ғылыми-зерттеу институттардың директорлары мен қызметкерлері,  ауыл шаруашылығы кәсіпкерлері қатысады.

       Конференция аясында Инновациялық орталық ашу жоспарланған.

     Конференция қорытындысы бойынша инновациялық технологияларды енгізу арқылы Қазақстанның  агроөнеркәсіп кешенін одан әрі дамытуға, ел экономикасындағы аграрлық сектордың тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, тағам қауіпсіздігін сақтауға мүмкіндік беретін Қаулы қабылданатын болады.

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті