Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Павлодарда «Атқарылған іс, алдағы мақсат» атты конференция өтті

26.11.2015

Павлодарда «Атқарылған іс, алдағы мақсат» атты конференция өтті

    Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Павлодар облыстық филиалының  ұйымдастыруымен 25-қарашада Павлодар қаласында «Атқарылған іс, алдағы мақсат» атты конференция өтті. Оған Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығының Алматы облыстық филиалының жетекшісі Дамир Жайнақов пен Павлодар облысы әкімдігінің – Ішкі саясат; Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар; ІІД-нің Көші-қон полициясы; Тілдерді дамыту; Білім; Мәдениет және мұрағат басқармалары; Зейнетақы төлеу орталығы және өзге де мемлекеттік мекемелердің басшылары, 2014-2015 жылдары  Павлодар облысына шет елден көшіп келген қазақтар, жеке кәсіпкерлер мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.         

    Конференция барысында Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Павлодар облыстық филиалының басшысы Заут Болат мемлекеттік көші-қон саясатын жүзеге асыру тұрғысында 2005-2015 жылдары атқарылған жұмыстардың есебін жариялады. Ол 2006 жылы наурызда Алматыда Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Төралқасының кеңейтілген мәжілісінде  бұл қызметке сайланған болатын.

         Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Павлодар облыстық филиалы 1998 жылы 19-мамырда құрылған еді. Оның алғашқы төрағасы болып Қанат Даржұманов сайланып, негізгі жұмысты Павлодар облыстық көші-қон бөлімінің бас маманы Әлхан Амантай қосымша жүргізіп отырды. 2009 жылы облыстық Тілдерді дамыту басқармасының қолдауымен Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы филиалының – www.kayranelim.kz сайты ашылды. 

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті