Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Бурабайда Ұлы Дала ойындары мен «Алтын жебе» халықаралық турнирі өтеді

27.11.2015

Бурабайда Ұлы Дала ойындары мен «Алтын жебе» халықаралық турнирі өтеді

       
       2016 жылы жамбы атудан «Алтын жебе» І халықаралық фестиваль-турнирі Оқжетпес тауының маңында өтеді. Бұл туралы Астанада өткен Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының алқа мәжілісінде белгілі болды, деп хабарланған қауымдастық сайтында. 

        Жиынға Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті Бекболат Тілеухан, ұлт спортының жанашырлары мен «Нұр Отан» партиясының өкілі, республика көлеміндегі Ұлттық спорт мектептері мен ұлттық спорт клубтарының директорлары, ұлттық спорт федерацияларының басшылары және төрешілер мен жаттықтырушылар қатысты.

      Жиынды ашып сөз сөйлеген Бекболат Қанайұлы ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының 2015 жылы атқарған жұмыстарын, алдағы 2016 жылдың күнтізбелік жоспарын толық таныстырды.

    Қауымдастықпен 2016 жылға жоспарланған шаралар ішінде халықаралық жарыстардан Ақмола облысының Бурабай ауданында Оқжетпес тауының маңында жамбы атудан «Алтын жебе» І халықаралық фестиваль-турнирі мен Ұлы Дала ойындарын өткізу жоспарлануда. Сонымен қатар аударыспақ спортынан ІІ ашық Азия чемпионаты Қытай елінде өтеді деп күтілуде. Ал көкпардан ІІ ашық Азия чемпионатын өткізуді Түркия елі қалап отыр екен. Қоғам қайраткері А.Асқаровтың халықаралық турнирі қараша айында Оңтүстік Қазақстан өңірінде ұйымдастырылмақ.

      Ат бәйгесі түрлерінен ҚР Президент кубогына арналған республикалық турнирді Алматы облысында өткізу жоспарлануда. Ал аламан бәйгеден 51 шақырымдық ІІІ республикалық «Алтын тұлпар» турнирі Ақмола облысының Қабанбай ауылының маңында өтеді.

      Көкпардан клубтық командалар арасында І республикалық турнир Алматы облысында өткізілмек. Жасөспірімдер арасында (1998-2000 жылы туған) көкпардан V, аударыспақтан V, тенге ілуден V, жамбы атудан ІІ Қазақстан Республикасының чемпионаты тамыз айында Жамбылда өтеді. Жастар арасында көкпардан ХІІ, аударыспақтан ХІІ, тенге ілуден Х, жамбы атудан ІІІ ҚР чемпионаты қазан айында Ақтөбеде өтеді. Ересектер арасында көкпардан XVІ, теңге ілуден X, аударыспақтан XVІ, жамбы атудан ІІ, ересектер арасындағы ҚР чемпионаты сәуір айында Алматы облысында өтпекші.

      Жиында көкпар ойынынының ережесін талқыланып, оған қатысты бірқатар шешімдер қабылданды. Сонымен қатар ұлттық спортқа еңбек сіңіріп жүрген аймақ басшылары мен спортшылар Алғыс хатпен марапатталды. Олардың қатарында ОҚО Ұлттық спорт мектебінің директоры Ғани Ахметбаев, ҚР Көкпардан құрама командасының бас жаттықтырушысы Қуанышбек Құрамаев, ҚР Ұлттық спорт түрлерінен мемлекеттік аға жаттықтырушы Нұркен Байбөриев, үздік асық ойыншысы Мұхтар Ахметов, көкпаршы Исламхан Боранбаев, үздік тоғыз құмалақ ойыншысы Әсел Далиева және тағы басқалары бар.

       http://www.inform.kz/kaz/article/2843611

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті