Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Айман Мұсақожаева Тұңғыш Президент күніне орай Түркияда мерекелік концерт өткізді

02.12.2015

Айман Мұсақожаева Тұңғыш Президент күніне орай Түркияда мерекелік концерт өткізді

 
    Танымал қазақстандық скрипкашы Айман Мұсақожаева Анкараның ең ірі концерт залындағы концертін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күніне арнады.   Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

       Түркияда Қазақ ұлттық өнер университеті ұжымының гастрольдік сапары басталды. 160 дарынды студенттен тұратын шығармашылық топты ҚазҰӨУ ректоры Айман Мұсақожаева бастады.

     Еуразия симфониялық оркестрі, «Сырлы саз» фольклор ансамблі, «Шабыт» домбырашылар ансамблі, халық аспаптары оркестрі, «Балауса» би тобы, «Айгөлек» скрипкашылар ансамблінің музыкалық ұжымдары және өзге жас орындаушылар жаңа ірі концерт бағдарламасын дайындады.

     Концерт басталмас бұрын, көрермендер Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев туралы бейнефильм тамашалады. Мерекелік концерт бағдарламасына «Біржан-Сара» операсынан «Мереке би» биі, домбырашылар ансамблі орындауындағы «Сарыарқа» күйі, «Көзімнің қарасы» және «Ақ сиса» танымал қазақ әндері, «Балдәурен» хореографиялық қойылымы, әйгілі «Қазақ вальсі" (Л. Хамиди), Қазақстан халқы бірлігі туралы «Достық" биі. Фортепиано және симфониялық оркестр үшін «Қазақ рапсодиясын» жас композитор Рахат-БиӘбдісағын орындады.

      Концерттің екінші бөлімінде кеш қонақтарына әлемдік классиканың жауһарлары - «Сивильский цирюльник» операсынан Дж. Росинидің «Каватина Фигаро», ҚР Халық әртісі Айман Мұсақожаеваның орындауындағы К. Сен-Санс «Рондо капричиозо», ҚазҰӨУ-нің «Айгөлек» жас скрипкашылар ансамблінің орындауындағы Пуньяни стиліндегі кіріспесі мен аллегросы ұсынылды.

        Анкарадағы мерекелік бағдарлама үлкен сәттілікпен өтті. Көрермендер ұзақ уақыт әртістерге ыстық лебіздерін білдіріп, сахнадан жібермеді.

         «Тәуелсіз мемлекетте сүріп жатқандығымызға өте бақыттымыз. Біз, музыканттар, қазақ ұлттық өнерімізді ең жоғары кәсіби деңгейде көрсетуге әрдайым ұмтыламыз. Бұл біздің шығармашылықпен айналысуға, дәріс беру, әлемнің ең абыройлы сахналарында өнер көрсету мүмкіндігі үшін Елбасымызға шексіз алғысымызды білдіреміз», - деді Айман Мұсақожаева.

       Елбасының сындарлы да көреген саясатының арқасында Қазақстан тәуелсіздігі жылдарында еліміздің әлемдегі абыройы өсті. Ұлттық өнердің халықаралық деңгейде ілгерілеуіне Әлем Әртісі Айман Мұсақожаева мен Қазақ ұлттық өнер университетінің жас шығармашыл ұжымы үлкен үлес қосуда.

      http://www.inform.kz/kaz/article/2845434

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті