Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы бір топ қоғам белсенділерін «Қазақ хандығына 550 жыл» мерекелік белгісімен марапаттады

03.12.2015

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы бір топ қоғам белсенділерін «Қазақ хандығына 550 жыл» мерекелік белгісімен марапаттады

     Бүгін Алматыда Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мамашев шетелдегі қазақ диаспорасымен байланыс жасауға қосқан үлесі үшін бірқатар қоғамдық ұйымдардың жетекшілері мен белсенділерін «Қазақ хандығына 550 жыл» мерекелік белгісімен марапаттады.        

    Бұл шара шетелдегі қазақ диаспорасы өкілдерінің «Атажұрт» баспа орталығынан 2015 жылы жарыққа шыққан кітаптарының тұсаукесерінде жүзеге асты.  Олардың арасында «Ұлт тағдыры» қозғалысының төрағасы Дос Көшім, «Баспанасыздар» қозғалысының төрайымы Маржан Аспендиярова, «Жебе» қоғамының бұрынғы төрағасы, кәсіпкер  Рақым       Айыпұлы, «Аллажар қолдау қоғамдық қоры» атқарушы директоры   Болат  Бөтеев, Республикалық «Желтоқсан – 86 – тәуелсіздік қырандары» Халық қаhарманы қозғалысының  төрайымы Гүлбахрам Жүніс, «Желтоқсан» көтерлісіне қатысушы  Жансая Сәбитова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сұлтанәлі Балғабаев, «Атажұрт» баспасының бас редакторы Серік Рәсілов,  www.qazaq-alemi.kz    сайтының редакторы Ерлік Ержанұлы,   

www.qamshy.kz   cайтының редакторы Қуаныш Біләл,  күйші Еркін Ерген, суретші Бейсенбек Серікбай, Ресейде тұратын  ғалым Геннадий Ташпеков, кәсіпкер Сәулет Тұрсынхан, саясаттанушы Досан Баймолда бар. Тұсаукесер рәсіміне қатыса алмаған өзге шетелде тұратын диаспора өкілдері мен кейбір қазақстандық азаматтарға бұл марапат кейінірек арнайы табыс етілетін болады. 

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті