Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының «Шетелдегі қазақтар» топтамасы жаңа кітаптармен толықты

03.12.2015

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының «Шетелдегі қазақтар» топтамасы жаңа кітаптармен толықты

    Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы «Қауымдастық кітапханасы» айдарындағы «Шетелдегі қазақтар» топтамасын «Атажұрт» баспа орталығынан 2015 жылы жарық көрген жаңа кітаптармен толықтырды. Олар ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»  бағдарламасы бойынша шығып отыр. Бүгін  Алматыда өткен тұсаукесер рәсіміне кітап авторлары мен түрлі деңгейдегі кітапханалардың өкілдері,  бірқатар қоғамдық ұйымдардың жетекшілері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және шет елдерден Қазақстанға көшіп келген қазақтар  қатысты.         

      Келген барлық қонақтарға сыйға тартылған бұл кітаптардың біріншісі – Геннадий Ташпековтың «Казахи Саратовской области: история и современность» атты монографиясы. Еділ өзені бойындағы Саратов облысы қазақтарының тарихы мен тұрмысы бұрын қазақ баспасөзінде сөз болмай келген тақырыптың бірі болып келген еді.

     Екіншісі,  журналист Досан Баймолданың «Еуропадағы қазақтар» атты кітабы.  Ол автордың  Польша, Чехия тәрізді елдерде білімін жетілдіріп, ғылыммен және журналистік қызметпен айналысқан кезінде  Еуропа қазақтары өмір сүріп жатқан қалаларға арнайы барып, жүргізген сұхбаттары мен жинақтаған мол материалдары негізінде жазылған. Үшіншісі – ҚХР-да өмірге келген ақын Қайрат Құлмұхаммедтің «Олжа»,

төртіншісі – Қарақалпақстанда туған ақын Мақсат Әлсейітовтің «Жетімсайдың бойында жетім ауыл» атты жыр кітаптары.

        Бұдан бөлек Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының 2015 жылы шыққан «Туған тіл» альманағының – 4,  «Алтын бесік» журналының – 5 саны да меймандарға тарту етілді. 

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті