Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Еуропада қазақтың ұлттық киімдеріне қызығушылық артып келеді

04.12.2015

Еуропада қазақтың ұлттық киімдеріне қызығушылық артып келеді

03-12-2015-lttyk kiym 01

 
             Еуропада қазақтың ұлттық киімдеріне деген қызығушылық артып келеді. Бұл туралы «Алматы» телеарнасы хабарлады.

       Осы салада 40 жыл жұмыс істеп, жоғары жетістіктерге жетіп жүрген Алматыдағы «Мақпал» тігін цехының директоры Бәзилә Әбділманова аталған ұлттық мұрамыздың шетелдік нарықтағы жағдайы туралы айтып берді.

         «Осы уақыт аралығында кәсіпорын әртүрлі кезеңді бастан өткерді. Алайда, бүгінде жағдай айтарлықтай тұрақталып, бәсекеге қабілеттік артты. Соның арқасында біздің тігін цехымыздан шыққан ұлттық киімдер еліміздің барлық облысына тарайтын деңгейге жеттік. Әзірге Қазақстанда осындай жалғыз орталық қана бар», – дейді кәсіпорын басшысы.

       Оның айтуынша, цех негізінен ұлттық киімдерді дайындағанымен, басқа да кез келген сән үлгілері бойынша тапсырыстарды қабылдайды. Мәселен, қазіргі уақытта сәнді пәлтелерге көптеп тапсырыстар келіп түсуде. Осы мүмкіндікті пайдаланып кәсіпорын өздері дайындайтын кез келген киімді ою-өрнек сынды ұлттық бояулармен көмкеріп, қазақтың қолтаңбасын қалдырады.

        Бүгінде «Мақпал» тігін цехының өнімдері Қазақстаннан бөлек, әлемдік брендтердің орталығы саналатын Франция мен АҚШ-та және Орталық Азия елдерінде кеңінен танымал. Мұндай жетістікке шетелдердегі әртүрлі фестивальдер мен көрмелерге қатысу арқылы қол жеткізген. Нәтижесінде шетелдіктер тарапынан қазақтың камзолы мен қыз ұзатылғанда киетін көйлегіне деген сұраныс артқан. Қазіргі таңда осы сұраныстарды қамтамасыз ету үшін цехта 22 адам жұмыс істейді. Олардың барлығы жоғары білікті технолог, дизайнер және тігіншілер.

           «Біз әр әшекей мен өрнекті зерттеп, оларды заманауи үлгіге сай етіп дайындаймыз. Одан бөлек, өзіміз де жаңа безерлерді ойлап табамыз. Қазіргі таңда 100-ден астам киім үлгісін дайындайтын кәсіпорнымыздың басты ерекшелігі кез келген ұлттық өрнекті қазіргі заманғы технологиялардың көмегімен саламыз», – дейді тігін цехының дизайнері Фариза Мырзабекова.

          Еламан Қоңыр.

          Дерек, сурет: «Алматы» телеарнасы.

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті