Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Жазушы, драматург Қалмұқан Исабай көз жұмды

04.12.2015

Жазушы, драматург Қалмұқан Исабай көз жұмды

 
      Алматыда белгілі майдангер жазушы, ҰОС ардагері Қалмұқан Исабай қайтыс болды. Бұл туралы Жазушылар одағының хатшылығы хабарлады.

       5-желтоқсанда  Жазушылар одағының ғимаратында таңертеңгі сағат 10-да жазушыны ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтеді.


          Қалмұқан Исабай 1925 жылы Павлодар облысындағы Баянауылда туған. Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдаған. 
      1955-1985 жылдары «Социалистік Қазақстан» газетінде әдеби қызметкер, «Жұлдыз» журналының бөлім меңгерушісі, Қазақстан Жазушылар одағы жанындағы әдебиетті насихаттау бюросының директоры қызметтерін атқарған. 1985 жылдан бастап шығармашылық жұмыспен айналысады. Алғашқы әңгімелер жинағы - «Баян» атты әңгімесі 1959 жылы жарық көрді. Бұдан соң «Ажал құрсауында», «Жұмбақ үй», «Бетпе-бет», «Соңғы тәулік» повесть, әңгіме, очерктер жинақтары, «Cұнқар самғауы», «Айқыз», «Жолдас комендант», «Көгілдір қазына», «Серт», «Арна» т.б. романдары басылды.

       Қызыл Жұлдыз, Еңбек Қызыл Ту, І дәрежелі Отан соғысы, Құрмет ордендерімен, және көптеген медальдармен марапатталған.

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті