Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Астанада "Қымыз – 2015» үшінші халықаралық форумы өтуде

04.12.2015

Астанада "Қымыз – 2015» үшінші халықаралық форумы өтуде

       Астанада «Қымыз – 2015» үшінші халықаралық форум өтуде. 

      Форумның басты мақсаты – елімізде және шетелде қазақ халқының ұлттық қымызын әйгілеудің бастамаларын қолдау, ұлттық құндылықтар мен игіліктерді насихаттау арқылы жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу.

       "Қымыз – 2015» үшінші халықаралық форумына мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар, шетелдік елшіліктер, халықаралық және ғылыми ұйымдардың өкілдері, сонымен бірге жылқы өсірушілер мен ұлттық қымыз өнімін өндірушілер жиналды.

      Дәстүр бойынша халықаралық форумда жылқы өсіруді дамыту, қымыздың қазақ ұлттық рецептісі бойынша өнеркәсіптік өндіріс мәселелері, жылқы шаруашылығының басқа да өнімдерін өндіру, өңдеу, сақтау, тасымалдау, сату және тұтыну тәрізді өзекті мәселелері талқыланады.

       Айта кетейік, бірінші "Қымыз" халықаралық форумы 2013 жылы Тараз қаласында өткізілген болатын. Оған еліміздің оңтүстік өңірлерінің қымыз өндірушілері, сонымен бірге Қытай, Ресей, Түркия, Моңғолия, Қырғызстан елдерінен келген қонақтар қатысты. Ал екінші форум 2014 жылы Алматыда ұйымдастырылды. 

        Baq.kz

 

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті