Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Қазақстан армрестлингшілері Әлем Кубогын жеңіп алды

05.12.2015

Қазақстан армрестлингшілері Әлем Кубогын жеңіп алды

04.12.2015 AST-3

 
      Қазақстан армрестлингшілері кәсіпқойлар арасында Польшаның Румиа қаласында өткен Әлем Кубогын жеңіп алды. 

     Дүниежүзінің 52 мемлекетінен 364 дарабоздар қатысқан бәсекеге Қазақстан құрамасынан барған жеті спортшының алтауы Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданынан болғандықтан Әлем Кубогын осы өңірдің жігіттері жеңіп алды десе де болады.

       Шағалалы Шардара толқыны жағалауды ұрған ақ шулан көлі, жеңді білектей сары сазанымен, құмы жібектей есілген алтын жағалауымен ғана емес қол күресімен де Қазақстанға белгілі.

     Бір қызығы, қоңсы Мақтаарал, Сарыағаш аудандарына қарағанда халқы шағын болып есептелетін Шардараның даңқы армрестлингтан әлемге әйгілі. Осы өңірдің құрыш білек жігіттері дүние жүзілік додалардың жүлделерін қидай сыпырып алып жүр.

      Жарыста алғашқыда Латвия, АҚШ, Франция, Германия, Украина, Польша құрамаларын жолда қалдырған жігіттеріміз финалдық сында аузын айға білеген Ресей құрамасының да мысын басты.

      Құрамында шардаралық Медет Оразбеков, Талғат Ақтаев, Мағжан, Қайыржан Шәлиев, Шымболат Райханов, Қыдырғали Оңғарбаев және тараздық Дмитрий Трубин бастаған сайыпқырандары бар Қазақстан құрамасы осылайша кәсіпқойлар арасында Әлем Кубогын жеңіп алды.

      Халқы шағын, облыс орталығынан шалғайда орналасқан ауданның жампоздары осылайша Қазақстанның атын асқақтатып, қазақ байрағын желкілдетіп апарып, жеткілдетіп әкелді.

       Әдетте, еркін күрес десе дүние жүзі Дағыстан балуандарын ауызға алдымен алады. Ал, қол күресінен әлемде Шардара жігіттерінің жөні бөлек.

       Бұл – жаттығу залында теңіздей төгілген тер мен өте білікті жаттықтырушылардың еңбегінің өтеуі.

          Бақтияр Тайжан.

        Дерек, сурет: egemen.kz

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті