Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Петропавлда әскери институтта алғаш рет айтыс өтті

07.12.2015

Петропавлда әскери институтта алғаш рет айтыс өтті

 
        Петропавлда Ұлттық гвардия әскери институтында алғаш рет айтыс өтті. Шара Қазақ хандығының 550 жылдығына арналды.

     «Әскери оқу орнында әскери қызметшілердің айтысында әлемдік проблемадан бастап институтішілік мәселелерге дейін өзекті тақырыптар қозғалды. Олар қарсыласының әрекетіне қарай суырып салма айтыс үлгісін көрсетті», - деп хабарлады ЖОО баспасөз қызметінен.

      Аталған байқау институт тарихында алғаш рет өткізілуде. Көрермендерге - қолбасшылық, профессорлық-оқытушылық құрам, офицерлер, әскери қызметшілер, курсанттар мен сарбаздарға айтыс қатты ұнады, оны қолдау-қошеметтерінен-ақ бірден байқауға болды.

       Әділқазылар шешімімен үшінші орынды 2 курс курсанты Мейіржан Исаков, екінші орынды - үшінші курс студенті Ербол Ізім, бірінші орынды 4 курс курсанты Досжан Тоқтаров иеленді. Олар бағалы сыйлықтар алды, ал қалған қатысушылар грамота иеленді. Әділқазылар төрағасы мен мүшелері алғыс хаттармен марапатталды.

    http://www.inform.kz/kaz/article/2847012

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті