Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Еліміздегі 2015 жылдың ең үздік боксшысы анықталды

07.12.2015

Еліміздегі 2015 жылдың ең үздік боксшысы анықталды

       Еліміздегі 2015 жылдың ең үздік боксшысының есімін анықталды. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

       Ересектер арасында Қазақстанның 2015 жылғы ең үздік боксшысы - Иван Дычко атанды (2012 жылғы олимпиада ойындарының қола жүлдегері, 2015 жылы Бангкокта (Тайланд) өткен Азия чемпионы, 2015 жылы Дохада (Катар) өткен ӘЧ финалисі).

      Жастар арасындағы 2015 жылғы үздік боксшы - Аманқұл Әбілхан (жастар арасындағы ҚР чемпионы - 2015, Браденбург -2015 Кубогының чемпионы (Германия).

        Әйелдер арасындағы 2015 жылғы үздік боксшы - Дариға Шәкімова (2010 ж. Азия чемпионы (Астана қ.), 2015 жылғы Азия чемпионы (ҚХР, Уланчаб).

         Әйелдер арасындағы 2015 жылғы үздік боксшы (жастар) - Мұздиман Балауса (2013, 2014, 2015 жж. ҚР чемпионы, 2013 ж. Әлем чемпионатының қола жүлдегері ( Болгария, Альбени қ.), 2015 ж. Жастар арасындағы әлем чемпионы (Тайпей қ., ҚХР).

      Әйелдер арасындағы 2015 жылғы үздік боксшы (жасөспірімдер) - Надежда Рябец (2015 ж. Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы (Тайпей қ., ҚХР), 2015 ж. ҚР чемпионы.

         Ересектер арасындағы 2015 жылғы үздік жаттықтырушы - Владимир Шайер (И. Дычконың жаттықтырушысы).

     Жастар арасындағы 2015 жылғы үздік жаттықтырушы - Тұрлыбек Көпжасаров (Аманқұл Әбілханның жаттықтырушысы).

        Әйелдер арасындағы 2015 жылғы үздік жаттықтырушы Шамиль Сафиуллин (Мадина Нұршаеваның жаттықтырушысы).

      Әйелдер арасындағы 2015 жылғы үздік жаттықтырушы (жастар мен жасөспірімдер) - Азамат Балмағамбет (Надежда Рябецтің жаттықтырушысы).

      2015 жылғы үздік төреші - Нұрбек Батыров (2013 жылы Аманда өткен (Иордания) ересектер арасындағы Азия чемпионатына, 2015 жылы Ташкентте (Өзбекстан) жасөспірімдер арасында өткен Азия чемпионатына, Сеулде өткен Бүкіләлемдік әскери ойындарға қатысқан.

          2015 жылғы үздік бокс федерациясы - «Қызылорда облысының бокс федерациясы» қоғамдық қоры.

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті