Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Бейжіңде тұңғыш рет төл спортымыз тоғызқұмалақтан Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған жарыс өтті

07.12.2015

Бейжіңде тұңғыш рет төл спортымыз тоғызқұмалақтан Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған жарыс өтті

 
      5 желтоқсан күні ұлттық өнердің тарихында тұңғыш рет Қытай астанасы Бейжің қаласында Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ Федерациясы, осы елдегі Қазақстан елшілігі және Бейжің мұражайы бірлесе отырып, Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған жергілікті жердегі ұлттық мұраның жанкүйерлеріне арнап жарыс өткізді. Бұл туралы Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ Федерациясының баспасөз орталығы хабарлады.

   Аталған іс-шараның ашылу салтанатында Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ Федерациясының президенті Әлихан Бәйменов бұл жарыстың маңыздылығына тоқталып, ҚХР-дағы Қазақстан елшілігі мен Бейжің Мұражайының басшылығына алғысын білдірді.

      Жарысқа 150-ден астам спортшы қатысты. Қазақстаннан барған бас жаттықтырушы Айнұр Жақапбаева мен Үрімжідегі тоғызқұмалақ қауымдастығының директоры Шынар Қапан қатысушыларға төрешілік етіп, бәсекенің жоғары деңгейде өтулеріне өз үлестерін қосты. Ал 6 желтоқсан күні Қазақстаннан барған мамандар Бейжіңдегі Ұлттық университетте студенттерге төл спортымыз тоғызқұмалақ туралы кеңінен таныстырып, әдіс тәсілдері мен ойнау жолдарын түсіндіріп, өзара тәжірибелерімен бөлісті.
    Атап өтер жайт, қазақтың ұлттық ойыны тоғызқұмалақ жарысын шетелдегі қазақ елшіліктері арасында ҚХР-ғы Қазақстан елшілігі бастамашы болып, тұңғыш рет өткізіп отыр.

null null null null null 

       

  Күнсұлтан Отарбай

       http://www.inform.kz/kaz/article/2847069

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті