Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | О.Сүлейменовтің кітабы итальян тілінде жарық көрді

07.12.2015

О.Сүлейменовтің кітабы итальян тілінде жарық көрді

О.Сүлейменовтің кітабы итальян тілінде жарық көрді

        Қазақтың көрнекті жазушысы Олжас Сүлейменовтің 17 жыл бұрын жарық көрген «Жазба тілі» атты кітабы итальян тіліне аударылды.

       Ғылыми туындысын ел астанасы Римде өткен жазушылар мен баспагерлердің дәстүрлі жәрмеңкесінде оқырмандарына автордың өзі таныстырды, деп жазады 24.kz.
Ал кітаптың идеясы Олжас Сүлейменов Қазақстанның Италиядағы елшісі болып тағайындалған кезде, сонау 90-жылдары туындаған екен. Жас дипломат ежелде осы түбекті мекен еткен халықтың тарихына үлкен қызығушылық танытып, ұзақ ізденіс жасапты. Кейін осы кітап арқылы жазушы дүниеге сөз бірінші келді ме, әлде белгілер ме деген сұраққа жауап береді. «Мен тіл білімдерімен бұрын да айналысқанмын. Ежелгі этрусктардың құпиясы ашылмаған жазуларын көріп, қатты қызығып кеттім. Зерттеуге біраз уақыт жұмсадым. Осылайша, этрусктар туралы, яғни сөздердің жазумен байланысты тарихы баяндалған кітап дүниеге келді», - дейді Олжас Сүлейменов.
          ҚазАқпарат   

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті