Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Ыстамбұлда түркі әлемінің әлеуметтанушылары жаһандану мәселелерін талқылады

09.12.2015

Ыстамбұлда түркі әлемінің әлеуметтанушылары жаһандану мәселелерін талқылады

 
       Ыстамбұлда түркі әлемінің әлеуметтанушылар қауымдастығының 6-шы халықаралық конгресі өтті. Жыл сайынғы іс-шараға айналған конгресс биылғы жылы жаһандану мәселесінің түркітілдес мемлекеттерінің өзара ықпалдастығына әсерін зерттеуге бағытталды.

      Іс-шараға Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Әзербайжан және Ресейдің Татарстан мен Башқұртстаннан көптеген ғалымдары мен зерттеушілері қатысты.

      Жиында жалпы жаһандық үдерістердің саяси, экономикалық және әлеуметтік салаларға тигізіп жатқан әсері талқыланып, әлемде орын алған күрделі саяси және әлеуметтік жағдайды шешу жолдарын табу мүмкіншіліктері бойынша пікір алмасылды.

     Конгреске ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты С.Сейдуманов бастаған 11 әлеуметтанушы ғалым қатысып, 14 жыл бұрын Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қолдауымен құрылған Түркі әлемі әлеуметтанушылары қауымдастығының бүгінгі таңда көтеріп жатқан тақырыптарының маңыздылығын атап өтті.

     «Жаһанданудан туындайтын проблемалық үдерістер Қазақстанға да өз әсерін тигізуде. Жуырда Мемлекет басшымыз халыққа жыл сайынғы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауын жариялады. Оның ішіне экономикамызды дамытуға арналған шараларды қамтитын бағдарлама қамтылған», - деп, қорытындылады С.Сейдуманов.

      Екі күн бойы ғалымдар мен зерттеушілер әлеуметтік, саяси және экономикалық салалары бойынша мәселелерді талқылады, деп хабарлады Түркиядағы Қазақстан елшілігінің баспасөз қызметінен.

     http://www.inform.kz/kaz/article/2847946

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті