Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Алматыда әдебиетсүйер қауым Нұрмахан Оразбекті ақтық сапарға шығарып салды

11.12.2015

Алматыда әдебиетсүйер қауым Нұрмахан Оразбекті ақтық сапарға шығарып салды

       Бүгін Алматыда жазушылар және журналистер қауымы белгілі журналист, жазушы, баспагер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрмахан Оразбекті ақтық сапарға шығарып салды. Жазушылар одағында өткен қаралы жиынға Нұрмахан Оразбектің отбасы мүшелері, туған-туыстары, достары мен әріптестері, ізбасарлары, Қазақстан Журналистер одағы мен Алматы қаласы әкімдігінің өкілдері және басқа да ақын-жазушылар келіп, марқұмның отбасына қайғырып көңіл айтты.

     «Нұрмахан Оразбек - қазақ баспасөзіндегі көрнекті тұлғалардың бірі. Жасымыз да шамалас, кезінде бірге қызметтес болдық. Нұрмаханның журналистика саласына сіңірген еңбегі орасан зор. Бұл алдағы уақытта да айтыла беретін болады. Нұрмахан мінезі тік, ешкімнен сескенбейтін өте әділ адам болды. Кезінде Қарағанды қаласында шығатын «Орталық Қазақстан» деп алатын облыстық газетте талай жылдар бас редактор болып қызмет атқарды. 1991 жылы тамыз айында Мәскеуде бұрынғы коммунистік жүйені қайта қалпына келтіру мақсатында аты шулы «ГКЧП» (Төтенше жағдайлар бойынша мемлекеттік комитет - авт.) құрылған болатын. Сонда Нұрмахан бүкіл редакцияны үйге қайтарып жіберіп, барлық жауапкершілікті өз мойнына алып, қаймықпай, Қазақстан ғана емес, бүкіл Кеңес одағы бойынша тұңғыш рет газет бетінде бұл оқиғаға «Мемлекеттік төңкеріс» деп баға берген. Сонымен қатар ол тұңғыш рет газеттің бастапқы бетіндегі «Барлық елдердің пролетарлары біргіңдер» деген ұранды алып тастап, «Бас кеспек болса да тіл кеспек жоқ»» деген ұранды жаздырған. Оның журналистика, баспа саласына сіңірген еңбектері ешқашан ұмытылайды», - деді «ҚазАқпарат» тілшісіне берген сұхбатында Қазақстанның құрметті журналисі, «Егемен Қазақстан» газетінің ардагері Мамадияр Жақып.

       Айта кетелік, Нұрмахан Оразбек Кеңсай зиратына жерленді.

      http://www.inform.kz/kaz/article/2848921

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті