Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Қазақстанда алғаш рет құрғақ таңғы ас пен түрлі қауыздар шығарыла бастады

11.12.2015

Қазақстанда алғаш рет құрғақ таңғы ас пен түрлі қауыздар шығарыла бастады

          Қазақстанда алғаш рет құрғақ таңғы ас пен түрлі қауыздар шығарыла бастады. Бүгін елордадағы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан «Қазақстанды жаңа индустрияландыру. 2015 жыл қорытындысы» атты жалпыұлттық телекөпір барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев аталған кәсіпорын жұмысын бастауға рұқсат берді.

     «Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Біз жаңа өндірісте құрғақ таңғы ас пен түрлі қауыздарды шығаруды игердік. Мұндай өнім бұрын республикада шығарылмаған. Зауыт Қазақстан үшін жаңа өнімнің 25 атауын өндіретін болады. Ол ішкі нарықты қамтамасыз етуге және өнімді экспортқа шығаруға мүмкіндік береді. Жобаға «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша мемлекеттік қолдау жасалды. Аса құрметті Елбасы! Жеке кәсіпкерліктің дамуына мемлекет қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіруге және екі жаңа өндірісті іске қосуға рұқсат етуіңізді сұраймыз!» - деді «Радуга» ЖШС өндіріс жөніндегі директоры Ботагөз Құлданова.

      ҚР Президенті өз кезегінде өндірістің іске қосылуына өз рұқсатын беріп, компания жұмысына зор табыстар тіледі.

     Ал, Солтүстік Қазақстан облысындағы тез пісетін тағамдар өндірісі  «Бизнестің жол картасы - 2020»  бағдарламасы аясында жүзеге асты. Құрғақ таңғы ас, түрлі үлпек, қоспаларды шығаратын мұндай өндіріс республикада бұрын-соңды болмаған. Өндіріс азық-түлік шығаруда қазақстандық үлесті арттырады. Құрғақ таңғы асты Ресейден тасуды азайтады. Заманауи технологиялармен жасалған сапалы әрі қауіпсіз тағамдар еліміздің барлық өңіріне таратылады.

       http://www.inform.kz/kaz/article/2849020

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті