Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Бейжің шет тілдері университеті «қазақ тілі және елтану» мамандығы бойынша оқыта бастамақ

14.12.2015

Бейжің шет тілдері университеті «қазақ тілі және елтану» мамандығы бойынша оқыта бастамақ

 
       2016 жылдың қыркүйек айында ҚХР-дағы жетекші оқу орындарының бірі - Бейжің шет тілдері университетінде «қазақ тілі және елтану» мамандығы бойынша 15 қытайлық студент оқытыла бастайды. Бұл туралы бүгін аталмыш ЖОО-да ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев пен аталмыш оқу орнының ректоры Пэн Лунның (Peng Long) қатысуымен «Қазақстан орталығын» ашу барысында белгілі болды.

      «Соңғы кездері Қытайдың Қазақстанға қызығушылықтары артып келеді, бұған халықтық дипломатияның қарқынды дамуы дәлел бола алады. Жоғары оқу орны ретінде біз де бұл үрдіске атсалысқымыз келеді», - деді Пэн Лун.

       Оның айтуынша, 2016 жылы қыркүйектен бастан университет 15 қытайлық студентті «қазақ тілі және елтану» мамандығы бойынша оқыта бастайды. 

       Өз кезегінде Б.Сағынтаев 2017 жылы Астанада ЭКСПО көрмесі өтетінін еске салып өтті.

     «Қытай біздің идеямызды толық қолдап, бұл шараға қатысады. 2017 жыл Қазақстандағы Қытай жылы болып жарияланды. Біз ҚХР-дан туристер келеді деп үміттенеміз. Осы орайда визалық режімді жеңілдету мақсатында Қытаймен ертең жеңілдетілген топтық туризм туралы келісімге қол қоймақпыз. Сіздердің университеттеріңіздің қабырғасында келесі жылдан бастап қазақ тілін үйренетін студенттер бұл жұмысқа еріктілер ретінде ат салысып, қытайлық туристерге Астананы аралауда көмек бере алады», - деді Б.Сағынтаев.

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті