Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Футзал: Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының плей-офф бәсекесіне жолдама алды

14.12.2015

Футзал: Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының плей-офф бәсекесіне жолдама алды

    
       Футзалдан 2016 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирінде Қазақстан құрамасы өз тобының жеңімпазы атанды.

       «ОН-ТВ» (бұрынғы «Таң») телеарнасынан тікелей эфирде көрсеткеніндей, соңғы ойында қазақстандықтар Франция құрамасын 4:2 есебімен ұтты. Бұл кездесуде Дәурен Нұрғожин қос доптың авторы атанса, Серік Жаманқұлов пен Дуглас бір-бірден гол соқты.

      Сөйтіп үш ойыннан жеті ұпай жинаған Какаудың шәкірттері өз тобында жеңімпаз атанып, 2016 жылғы әлем біріншілігі іріктеу турнирінің плей-офф бәсекесіне жолдама алды. Бұған дейін Қазақстан құрамасы алаң иелері Чехия футболшыларын 3:1 есебімен тізе бүктіріп, словениялықтармен тең ойнаған (2:2) болатын.

        Еске сала кетейік, 2016 жылғы наурыз-сәуірде өтетін плей-офф бәсекелерінен кейін Еуропадан Колумбияда 14 қыркүйек-2 қазан аралығында өтетін әлем біріншілігіне баратын жеті құрама белгілі болмақ. Плей-офф бәсекелерінің жеребесі 12 ақпанда тартылмақ. 

     Бұдан бөлек, футзалдан Қазақстан құрамасы Белградта (Сербия) 2-13 ақпанда өтетін Еуропа чемпионатына қатысады. Мұнда қазақстандықтар С тобында Ресей және Хорватия командаларымен сынға түседі.

     http://www.inform.kz/kaz/article/2849741

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті