Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Б.Сағынтаев Бейжіңдегі «Қазақстан орталығын» ашу рәсіміне қатысты

14.12.2015

Б.Сағынтаев Бейжіңдегі «Қазақстан орталығын» ашу рәсіміне қатысты

        ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Бейжің шет тілдері университеті (БШТУ) жанындағы «Қазақстан орталығын» ашу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды primeminister.kz.

       «Қазақстан орталығы» Қазақстанның тарихын, тілін және мәдениетін, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтарын, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сыртқы саяси бастамаларын ілгерілетуге және дәріптеуге арналған көпшілік дипломатия саласындағы функционалды алаңға айналады. 
        Келер жылы БШТУ базасында «Қазақ тілі және елтану» мамандығы ашылады. Алғашқы 15 қытайлық студент қыркүйек айынан бастап оқуға кіріседі.
      Бақытжан Сағынтаев БШТУ мен «Назарбаев Университет» арасында ғылыми-академиялық ынтымақтастық орнатуды ұсынды, онда Қытайды зерттеу бойынша Еуразиялық орталық құру жоспарланған.
     Бейжің шет тілдері университетінің негізі 1941 жылы қаланған, қазіргі таңда аудармашы-синхроншыларды, дипломатия, сыртқы сауда саласындағы мамандарды даярлайтын әлемдік деңгейдегі мамандандырылған ең ірі оқу орындарының бірі болып табылады. Оның жанында 20-дан астам шет тілдері орталықтары жұмыс жасайды.  

      BAQ.kz

 

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті