18.12.2015
Шыңжаң радиосының дикторы Серік Әбіл «Ерен еңбегі үшін» медаліне ие болды
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ҚР Мемлекеттік наградаларымен марапаттау туралы Жарлығы бойынша Қытайдағы Шыңжаң радиостанциясының дикторы, ақын, әнші-сазгер Серік Әбіл «Ерен еңбегі үшін» медалімен, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының атқарушы директоры Серікжан Қанабеков ҚР Құрмет грамотасымен марапатталды.
Елбасының Астанада 3-желтоқсан күні қол қойған №124 қаулысы бойынша бұл марапаттар мемлекеттік және қоғамдық қызметте сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін беріліп отыр.
|
|||
Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті |