Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Түркияда топ жарды

18.12.2015

Түркияда топ жарды

o-ses-turkiye-alma-k-3fb4e6d9dd29763b381b-1

 
         Қазақ ұрпағының талантты екенін Түркия жұртында тағы бір қы­зымыз дәлелдеп шықты. Ота­нымызда қазір қызу жүріп жатқан «Қазақстан дауысы» аталатын жас әншілер байқауындай өнер жарысы Түркия мемлекетінде де біраз жылдан бері жалғасып келе жатқаны белгілі. Ол да «Түркия дауысы» деп аталады.

      Биылғы жылғы байқауға Ыстам­­бұл қаласындағы OKAN универ­ситеті халықаралық қаты­настар факультетінің соңғы кур­сында оқып жүрген Алма Болат­қызы Қожан бақ сынап көрген екен. Алма өз атамекенінде де осындай өнер бәйгесінде жүлде алып жүреді екен. Мәселен, 6-шы сынып оқушысы кезінде жас­өс­пірімдер арасындағы ән бай­қауында лауреат атанғанын айта кетсек дейміз. Бұл оның өнерге деген ұмтылысын, бойында бар талантын танытары анық. Барлық түркі елдерінен қатысқан байқауда Алма Болатқызы сол елге танымал әнші Хадисе Ачыкгездің «Ben Boyleyim» («Мен осындаймын») деген әнін айтқанда, қазылар алқа­сы талантты қыздың ашық дауысына, әдемі иірімдеріне ілтипат танытып, бір ауыздан келесі турға жолдама беріпті. Ол ендігі жерде «Хадисенын» тобында жарыс­ты жалғастырады. Тыңдармандар мен қазылар алқасы Алманың өнеріне сүйсініп, таза қазақ тілінде де бір ән салуын өтініпті. Ол даламыздай дарқан әуенді көкке әуелеткенде қаумалаған жұрт қол соғып, құрмет көрсетіпті. «Бұл табысымды Отанымның Тәуелсіздігіне тартуым!» деген Алманың бұл жеңісі қазір әлеуметтік желілерден орын алып, еліміздің теледидарлары жарыса сүйінші сұрап жатыр. Біз де Түркияда топ жарған қызымыздың ақтық сайыста алдан көрінетініне сенім білдіріп, сәттілік тілейміз!

          Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан».

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті