Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Алматыда Жақсылық Сәмитұлының 75 жылдығына арналған ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

21.12.2015

Алматыда Жақсылық Сәмитұлының 75 жылдығына арналған ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

     Алматыдағы Әдебиетшілер үйінде  «Қазіргі қазақ прозасының өзекті мәселелері» деп аталатын ғылыми-тәжірибелік конференция болды. Жақсылық Сәмитұлының 75 жылдығына арналған бұл шараны Қаақстан Жазушылар одағы мен «Ер Жәнібек» халықаралық қоғамдық қоры ұйымдастырды.      

     Конференция аясында жазушының «Мерей» баспасынан жарық көрген «Сарыала қаз» атты әңгімелер жинағының тұсаукесері жасалып, жары Мәхилаға құрмет көрсетілді.      

      «Қазақстандағы алғашқы кітабы біздің «Атажұрт» баспа орталығымыздан  жарық көрген еді.  Мен Жақсылық ағамен 2005 жылы жақынырақ таныстым. Астанада өтетін Дүниежүзі қазақтарының 3-құрылтайына баратын қонақтардың тізіміне қосқан едік, денсаулығына байланысты бара алмайтынын айтты.  Құрылтайдан кейін ол кісіге «Қытайдағы қазақтарды» толықтырып, қайта жазып берсеңіз. Деректер де өзгерді, арада біршама уақыт өтті  Қазақстанға келіп, аяғынан тұрған ағайындар туралы да айтып кетсек» деп өтініш жасадым. Сонда оны мен жазуын жазам ғой, бірақ мен шындықты жазам. Сол жақта жүрген біраз ағайындардың обалына қалып қалам ба деп қорқам. Сондықтан мені қинамасаң деп көнбеді. Бұл дұрыс та болған шығар», –  дейді Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мамашев. Оның  айтуынша, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы қаламгердің әдеби шығармалары Қазақстанда баспа бетінде шықпай тұрған кезде де, өз өтінішісі  бойынша, алғашқы кітабын да шығарып берген. Бүгін конференция барысында Ж.Самитұлының артында мол мұра бар деп айтылып қалды, мемлекеттік тапсырыс болса бұл кісінің еңбектерін шығаруды Жазушылар одағы мен Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы келешекте өз жоспарларына енгізуді қарастырады.

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті