Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Алматыда республикалық автоматтандырылған кітапханалық-ақпараттық жүйенің тұсаукесері болды

22.12.2015

Алматыда республикалық автоматтандырылған кітапханалық-ақпараттық жүйенің тұсаукесері болды

    Алматыдағы ҚР Ұлттық кітапханасында 22-желтоқсанда жаңа отандық бағдарламалық өнім –  Республикалық автоматтандырылған кітапханалық-ақпараттық жүйе Web-РАБИС-нің тұсаукесері болды.

    Кітапханалар Қазақстандағы экономиканың, әлеуметтік жүйе мен саясаттың бұлжымас өркендеуінің маңызды факторы болып табылатын  мәдени орта құруға және қоғамның ақпараттық ресурстарын қалыптастыруға белсенді атсалысады. Елдің кітапханалық жүйесін дамытудың келешектегі бағыты – жаңа технологиялар мен бағдарламаларды енгізу, бұл кітапханалық үдерістерді автоматтандыру, өзінің ғылыми және білім беру мақсатындағы жеке цифрлық ресурстарын жасау, электрондық топтамаларды, өзінің жеке генерациясының мәліметтер қорын жасау, желілік ресурстарды пайдалану, сирек басылымдарды цифрлау болып табылады.

     ҚР Ұлттық кітапханасы 1989 жылы да автоматтандырылған кітапханалық-ақпараттық жүйесін (АБИС) жасап, қолданысқа енгізген еді. Ал 1992 жылдан бастап қазақстандық кітапханалар технологияларының ерекшеліктеріне бағдарланған және ұлттық стандарттардың, дәстүрлердің, сондай-ақ тілдің талаптарына негізделген республикалық автоматтандырылған кітапханалық-ақпараттық жүйені (РАБИС) енгізді. Бүгінгі таңда, РАБИС бағдарламасы 723 кітапхананы бірыңғай компьютерлік желіге біріктірді. Қолданыстағы көпжылғы тәжірибе РАБИС-тың осыған ұқсас кітапханалық бағдарламалардан ешқандай кем түспейтінін, лайықты жүйе екенін көрсетті. Осы уақыт ішінде ҚР Ұлттық кітапханасының өзінде 3 млн. астам библиографиялық сипаттаманың мәліметтер қоры жасалды. Бұдан өзге, кітапханада толықмәтінді ақпараттың 516 Гбайтта толықмәтінді контенті құрылды.

    Жаңа бағдарламалық өнім Web-РАБИС мүмкіндіктері кең. Бұл авторитеттік файлдарды құру және жүргізу, берілген сызба бойынша және қажетті көмекші көрсеткіштердің бар болуымен библиографиялық көрсеткіштерді автоматты түрде қалыптастыру. Web-РАБИС пайдаланушыға құжаттардың толық мәтінімен және жер шарының кез-келген нүктесінен олардың аудио-бейне-Интернет қосымшаларымен жұмыс істеуге, мобильді құрылғы арқылы электрондық каталогтарды қарауға мүмкіндік беретін толықмәтінді және гипермәтінді мәліметтер қорын құруды қолдайды.

      Оқырмандарға ақпаратты шығару үшін компьютермен жұмыс істеуге машықтануды аса талап етпейтін қарапайым әрі ыңғайлы интерфейс жасалған. Қажет ақпаратты жылдам және ауқымды іздеу барлық электрондық каталогтар және библиографиялық сипаттама элементтері мен олардың үйлесуі бойынша жүргізіледі.

     Web-РАБИС бағдарламасына бес модуль кіреді, олар: «Кітап қорын толықтыру»,  «Каталогизатор», «Іздеу және тапсырыс беру», «Кітап беру» және «Оқырмандарды тіркеу».

       Бағдарламаға Java технологиясын пайдалана отырып, MySQL-дан бастап Oracl-ға дейін Мәліметтер Қорын Басқару Жүйесі демеу көрсетеді (МҚБЖ).   

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті