Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Ұлы көштің басталғанына 2016 жылдың наурызында 25 жыл толады

22.12.2015

Ұлы көштің басталғанына 2016 жылдың наурызында 25 жыл толады

      Алматыда 2016 жылы «Ұлы көштің басталуы, жалғасуы және бүгінгі жағдайы» деп аталатын халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция болады. Бұл туралы бүгін Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы үйінде өткен «Көші-қонның бүгінгі жағдайы» атты дөңгелек үстел жиынында айтылды.  «2016 жылы Ұлы көштің басталғанына 25 жыл толады. Ол 1991 жылдың наурызында  Баянөлгийден басталды. Оны бастаған Ғазиз ағамыз бүгін ортамызда отыр. Біз аманшылық болса алғашқы жартыжылдқта «Ұлы көштің басталуы, жалғасуы және бүгінгі жағдайы» деп аталатын халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткіземіз деп жоспарлап отырмыз», – деді Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мамашев.         

     Ширек ғасырға жуық уақытта Қазақстанға алыс-жақын шет елдерден 1 миллионға жуық қазақ көшіп келген болатын. Талғат Асылұлының айтуынша, Атажұртқа келген бұл қазақтар біздің санымызды ғана емес, сапамызды да арттырды. Әр салада өз орнын тауып,  Қазақстанның дамуына үлкен үлес қосты. Енді Қазақстан Республикасы Президентінің 24 қараша күні қол қойған  «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» №421-V Қазақстан Республикасының Заңы бойынша соңғы кезде саябырси бастаған Ұлы көш қайта алдағы уақытта қайта жанданбақ.

     Ерлік Ержанұлы

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті