Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Атажұртқа шет елден көшіп келген қазақтардың үлесі қазір Қазақстан халқының 6 пайызына жуықтады

22.12.2015

Атажұртқа шет елден көшіп келген қазақтардың үлесі қазір Қазақстан халқының 6 пайызына жуықтады

    Қазақстанға 1-қазандағы мәлімет бойынша, 1164 отбасы яғни 3,5 мыңға жуық этникалық қазақ қоныс аударып, оралман мәртебесін алды. Бұл бүгін Алматыда өткен Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы үйінде өткен «Көші-қонның бүгінгі жағдайы» атты дөңгелек үстел жиынында айтылды.  

       «Этникалық көші-қон Қазақстан Республикасындағы демографиялық жағдайдың процесіне елеулі әсер етеді. Ол экономакалық жағдайдың қалыптасуында маңызды рөл атқарып келді.  Қазіргі кезде тарихи отанына оралған қазақтардың саны Қазақстан Республикасы халқының құрылымында 6 пайызға жақындап қалды. Тәуелсіздік жылдары Қазақстанға 955 мыңнан аса ағайын көшіп келді. Оның 64 пайызы Өзбекстаннан; 12 пайызы Моңғолиядан, 11 пайызы Қытайдан;  7,3 пайызы Түрікменстаннан»,  – деді ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек, əлеуметтік қорғау жəне көші-қон комитетінің басқарма төрағасы Марат Тоқсанбаев. Оның айтуынша, кейбіреулер айтып жүргендей көш тоқтаған жоқ. Биылдың өзінде 1-қазандағы мәлімет бойынша, 3 мыңға жуық отбасы оралман мәртебесін ие болған. Олардың саны алдағы уақытта өспесе, кемімейді. Жалпы соңғы жылдары көші-қонның саябырсуына оралмандарды әлуеметтік қолдау мүмкіндіктерінің шектелуіне байланысты олардың тарихи отанына оралуға деген ынтасының төмендеуінен орын алды. Мәселен 2013 жылы 34 мың қазақ келді, 2014 жылы 8,5 мың қазақ келді, ал 2015 жылы 3,5 мыңдай ғана ғана қазақ келді. 

   Ерлік Ержанұлы

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті