Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Бакуде Қазақ хандығының 550 жылдығы мен Абайдың 170 жылдығына арналған халықаралық конференция өтті

23.12.2015

Бакуде Қазақ хандығының 550 жылдығы мен Абайдың 170 жылдығына арналған халықаралық конференция өтті

 
       Әзербайжан астанасында, Баку Мемлекеттік университетінде Қазақ хандығының 550 жылдығы мен қазақтың ұлы ақыны және ойшылы Абай Құнанбаевтың 170 жылдығына арналған халықаралық конференция болып өтті.

      Шараны Қазақстанның Әзербайжандағы Елшілігі, сондай-ақ әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті ұйымдастырды.

       Конференция спикерлері мен қонақтарының арасында ҚР-дың Әзербайжандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бейбіт Исабаев, қазақтың мемлекеттік және қоғамдық қайраткері, халық ақыны, жазушы Олжас Сүлейменов, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтанов, Баку мемлекеттік университетінің ректоры Абель Магеррамов, Түркі кеңесінің Бас хатшысы Рәміл Ғасанов, ТүркПА Бас хатшысы Жандос Асанов, халықаралық түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, түркі мәдениеті және мұрасы қорының президенті Гюнай Эфендиева, ӘР Парламентінің депутаттары, ӘР-да аккредиттелген түркітілдес және еуропалық елдердің дипломатиялық миссияларының басшылары мен өкілдері, сондай-ақ Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан және басқа да елдердің ғылым қайраткерлері болды.

     Шара барысында әзербайжандық жұртшылықтың, сондай-ақ шетелдік қонақтардың назарына Қазақ хандығы және қазақ мемлекеттілігінің құрылуы мен қалыптасуының тарихы мен аспектілері, А.Құнанбаевтың шығармашылық мұрасы ұсынылды.

       Бұдан басқа, ҚР-ның Әзербайжандағы Елшісі Б.Исабаев құттықтау сөзінде әзербайжан тілінде басып шығарылған «Қазақ хандығы: бастауы, дәстүрлері мен мұрасы» жинағын таныстырды.

       Конференцияның соңында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен БМУ-нің арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылып, естелік медальдар табысталды, Қазақ хандығы туралы деректі фильм көрсетілді, сондай-ақ әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығармашылық көркемөнерпаздар ұжымының өнер көрсетуі өтті.

      Өз кезегінде, Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған шаралардан кейін Баку мемлекеттік университетінде қазақтың ұлы ақыны мен ойшылы Абай Құнанбаевтың 170 жылдығына арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

         http://www.inform.kz/kaz/article/2852667

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті