23.12.2015
2016 жылы ЕАЭО органдарына Қазақстан төрағалық етеді
"2016 жылдың 1 қаңтарынан Еуразиялық экономикалық одақ органдарына Қазақстан төрағалық ететін болады. Соған сәйкес Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесті басқарады", - деді В.Христенко.
Сонымен қатар ол 1 ақпаннан Еуразиялық экономикалық алқаның жаңа құрамы өз жұмысына кірісетіндігін атап өтті.
«Бүгін Президенттермен жаңа алқаның жеке құрамы келісілді. Айта кетерлігі, алқа және Комиссия мүшелеріндегі сабақтастық жоғары деңгейде қамтамасыз етілді. 10 мүшенің тек екеуі ғана Армения мен Ресейдің жаңа өкілдері», - деді ЕЭК алқасының төрағасы.
|
|||
Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті |