Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Көпке тентек, құдайға шет

25.12.2015

Көпке тентек, құдайға шет

     Бабалармыздың «Азды көпке қосқанның арманы жоқ» деген мақалы бар. Алайда кейбір «ағайындар» мен олардың «жазбасын» қуана жариялап, көрсетіп жүрген бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінің «біткен іске сыншы болып» жүргені көңілге кірбің ұялатады. Соның бірі Қамшы.kz  сайтында  24-желтоқсан күні жарияланған Тұрдыбек Құрметханның «Көші-қон полициясы шектен шықса, бейнекамераға түсіріп алыңдар» деген материалы. Онда автор өзінің сыңаржақ ойымен көпке топырақ шашып отырғанын аңғармаған кейіп көрсетеді. 

      «Жалпы бұл жиында сөз алған Дүние жүзі қазақтары қауымдастығының өкілдерінің сөзіне қарап, қауымдастық бұл талқыны сырттан келген 5 қазақтың арасына от жағу үшін ұйымдастырды ма деп те ойладық», – деген  Тұрдыбек мырзаның өзі арнадатушы болып отыр ғой. Өйткені «Көші-қонның бүгінгі жағдайы» атты бұл дөңгелек үстел  жиыны «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» №421-V Қазақстан Республикасының Заңын талқылауға арналған болатын.

       Мәселенің тек заң қабылдаумен шешілмейтінін, оны жүзеге асырудың құқықтық тетіктерін жасау үшін арнайы Үкімет қаулысы керектігіне жұртшылық назарын аударған Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының мақсаты мен міндетін жарыссөзде сөйлегендер түгелдей құптаған болатын. Басқосуды ұйымдастырушы ретінде Қауымдастық төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мамашев бұл жиында айтылған ұсыныстардың хатталып, Үкімет басшысының орынбасары мен құзырлы министрліктерге жолданатынын да айтты. Көші-қонның барлық түйткілді мәселелерінің оң шешімін табуы үшін «Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» бірлесіп әрекет етейік деген ұйғарымнан «ат тонын ала қашып» жоқ жерден бәле іздеп отырған Тұрдыбектің бұл әрекеті «атың шықпаса, жер өртенің» өзі болып тұр. «Төртеу түгел болса төбедегі келеді, алтау ала болса ауыздағы кетеді» дейтін халықтың ұрпағына қазіргі дағдарыс жағдайында ынтымағымыз бен бірлігіміздің бекемдігі бәрінен де қымбат. Бүкіл қазақтың басын біріктіріп, елдіктің беріктігін нығайту баршамыздың асыл мұратымыз. Ұлы мақсатқа қол жеткізу жолында арамызда мынау менікі, мынау сенікі деп бөле-жаратын ештеңе жоқ. Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы елдік мүддені жүзеге асыру үшін  бұл іске қызығушылық танытқан кез-келген адаммен бірлесіп жұмыс істеуге әрдайым дайын және одан ешқашан айнымақ емес.

        Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы  ұжымы 

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті