Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Бесінші шақырылған Қазақстан Рес­пуб­ликасы Парламентінің Мәжілісі таратылды

21.01.2016

Бесінші шақырылған Қазақстан Рес­пуб­ликасы Парламентінің Мәжілісі таратылды

29-12-2015-Elbasy-

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

    Бесінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісін тарату және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы

    Қазақстан Республикасы Консти­ту­ция­сының 44-бабының 2) тармақшасына, 63-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Рес­публикасы Конституциялық заңының 85-ба­бына сәйкес қаулы етемін:

  1. Бесінші шақырылған Қазақстан Рес­пуб­ликасы Парламентінің Мәжілісі таратылсын.
  2. Партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы 2016 жылғы 20 наурызға тағайындалсын.
  3. Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы 2016 жылғы 21 наурызға тағайындалсын.
  4. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын дайындауды және өткізуді ұйымдастырсын.
  5. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Ас­тана және Алматы қалаларының, облыс­тар­дың әкімдері Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын ұйымдық, материалдық-тех­ни­калық және қаржылық қамтамасыз ету жө­ніндегі барлық қажетті шараларды кідіріссіз қабылдасын.
  6. Осы Жарлық жарияланған күнінен бас­тап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ.

Астана, Ақорда, 2016 жылғы 20 қаңтар

№ 181

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті