Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Қазақ қыздары шахматтан үздіктер қатарынан табылды

22.01.2016

Қазақ қыздары шахматтан үздіктер қатарынан табылды

Қазақ қыздары Бүкіләлемдік шахматтан үздіктер қатарынан табылды

          Бүкіләлемдік шахмат федерациясы (ФИДЕ) 2016 жылғы алғашқы рейтингін жариялады. Онда қазаққыздары арасынан 2 бірдей спортшы үздік ондыққа еніп отыр. Атап айтқанда 12-қаңтарда 16 жасқа толған алматылық Жансая Даниярқызы қаңтар айында қыздар арасында шахматтан блиц нұсқада – 5, жылдам нұсқада – 7, стандарттық нұсқада – 8 орыннан көрінді. Астаналық Динара Рамазанқызы стандарттық нұсқада – 4, жылдам нұсқада – 5, блиц нұсқада – 6 орын алды. Сондай-ақ тағы астаналық жеткіншек Бибісара Ассаубаева стандартық нұсқада – 97 сатыдан көрінді. Ал әйелдер арасында блиц нұсқада Жансая – 91, Динара – 94,стандарттық нұсқада Динара – 53, Жансая – 82 орыннан табылды. 

    Гроссмейстер атағына 2014 жылы қол жеткізген Жансая Әбдүмәлік 2011 жылы халықаралық шебер, 2010 жылы ФИДЕ шебері атанған болатын. Ж.Даниярқызы стандарттық нұсқада қыздар арасында желтоқсан айындағы орнын сақтап қалғанымен, әйелдер арасындағы 73 орнынан 9 сатыға төмендегені байқалады. 2012 жылы гроссмейстер, 2011 жылы халықаралық шебер, 2011 жылы ФИДЕ шебері атанған 20 жастағы Д.Рамазанқызы бұл жолы қыздар арасында 1 саты, әйелдер арасында 8 сатыға ілгерілеуге қол жеткізген. Ал Бибісара өз көрсеткішін қараша айындағы 88 орыннан қаңтарда 9 сатыға төмендеген.

         Ерлік Ержанұлы 

Толығырақ: http://alashainasy.kz/sport/kazak-kyizdaryi-buklalemdk-shahmattan-uzdkter-kataryinan-tabyildyi-79135/

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті