Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | «Эйр Астана» маусым айында Астана-Ұланбатыр-Астана бағытында жаңа әуе рейсін ашпақ

27.01.2016

«Эйр Астана» маусым айында Астана-Ұланбатыр-Астана бағытында жаңа әуе рейсін ашпақ

  «Эйр Астана» әуекомпаниясы Қазақстаннан Моңғолияның Ұланбатырдан өзге қалаларына әуе рейстерін ашуды жоспарлап отырған жоқ. Екі ел арасындағы келіссөз нәтижесі бойынша маусым айынан бастап тек қос мемлекеттің астаналары арасында ғана әуе рейсі жүзеге асырылады. Оны компания президенті Питер Фостер 27-қаңтар күні Алматыда  «Эйр Астананың» 2015 жылғы корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі есебінің алғашқы таныстырылымында айтты.

      «Астана-Ұланбатыр-Астана бағытындағы әуе рейсінің нақты ашылатын күнін қазір айта алмаймын. Бұл рейс аптасына 3 рет қатынайтын болады. «Эйр Астана» қазіргі таңда Моңғолияның өзге қалаларына әуе рейстерін ашуды жоспарлап отырған  жоқ. Бұл әуе рейсі тек бизнес бағытында ғана емес, Еуропа елдері тарапынан туындап отырған трафикке деген жоғары сұраныс есебінен де жоғары нәтиже көрсетеді деп жоспарлап отырмыз», - деді П.Фостер. Оның айтуынша,  Астана-Уланбатыр бағытындағы жаңа әуе рейсі Лондон, Франкфурт, Париж қалалары сияқты  Моңғолияға сапар шегетін транзиттік жолаушылар тасымалы жағынан да тартымды болады. 

      «Эйр Астана» компаниясы бұған дейін  әлемнің Абу-Даби, Амтердам, Анталья, Баку, Бангкок, Бейжің, Бішкек, Дели, Дубай, Душанбе, Франкфурт, Ыстамбұл, Қазан, Хошимин, Гонконг, Киев, Кувала-лумпур, Мәскеу, Новосібір, Омбы, Сеул, Санкт-Петербург, Самара, Тәшкент, Сеул, Тбилиси, Үрімші, Екатеринбург қалаларына әуе рейстерін ашқан болатын. Биыл олардың қатарына Ұланбатырдан бөлек Иранның Тегеран қаласы да қосылмақ.

       Ерлік Ержанұлы

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті