Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Kaz minerals тобы 2015 жылғы өндірістік қызметін қорытындылады

28.01.2016

Kaz minerals тобы 2015 жылғы өндірістік қызметін қорытындылады

      2015 жылы KAZ Minerals Тобы катодты мыс пен ілеспе өнімдер өндірісінде тұрақты көрсеткіштер көрсетті. Катодты мыс өндірісінің көлемі 81,1 мың тоннаны құрады. Бұл 80-85 мың тонна көлеміндегі жылдық диапазонға сәйкес келеді. Концентраттағы мыстың өндірісі – 89,4 мың тонна. 2015 жылдың 12 айындағы катодты мыстың өндіріс көлеміне Ақтоғай кен орнында тотыққан кеннен өндірілген 0,4 мың тонна катодты мыс та кіріп отыр.

      Есепті кезең ішінде компания 14,5 млн тонна кен өндіріп шығарды. Оның 70% немесе 10 млн тоннадан астамы Топтың өркендеу жобаларында, яғни Бозшакөл кенішінде 7 млн тонна кен, және Ақтоғай кенішінде 3 млн тонна тотыққан кен өндірілді. 2015 жылы Топ бойынша мыстың кендегі орташа үлесі 1,10% құрады және бұл көрсеткішке Бозшакөл (0,69%) мен Ақтоғайдағы (0,37%) мыстың кендегі үлесі де кіреді.

      12 айдың ішінде Топтың құйма түрінде 34,6 мың унцияға алтын өндірді. Бұл 34-38 мың унция көлеміндегі жоспарланған жылдық өндіріс диапазонына сай. Аталған кезеңде 94,3 мың тонна концентраттағы мырыш өндірілді. Бұл өндірістің 90-95 мың тонна болатын жылдық жоспардың жоғарғы көрсеткіші. Түйіршіктегі күміс өндірісі 3,14 млн унцияны құрап, кендегі күмістің жоғары үлесі мен аяқталмаған өндірістің жиналған шикізаттарын өңдеудің арқасында жоспарлы көрсеткіштен анағұрлым артып түсті.

      2015 жылдың 1 желтоқсанында KAZ Minerals Ақтоғай КБК-да тотыққан кеннен катодты мыс өндірісін бастады, жылдың аяғына қарай өндірілген катодты мыстың көлемі 0,4 мың тонна болды. Катодты мыс өңдеу жөніндегі кешен жарты жылдың ішінде жылына 15 мың тонна көлеміндегі өндірістік қуатына жетеді деп күтілуде. Тотыққан кенді өндіру және қайта өңдеу 11 жыл бойы жүргізіледі. Жобада сульфидті кенді өңдейтін кен байыту фабрикасының құрылысы жалғасып келеді. Сульфидті кеннен мыс концентратын өндіру кестеге сәйкес 2017 жылы басталады.

       2015 жылдың 11 желтоқсанында Бозшакөл КБК-де, оның ішінде бастапқы үгіткіш қондырғысының және конвейерге сульфидті кенді жіберу, әлемдегі ең ірі саналатын шарлы диірмендері мен көлемі жағынан екінші саналатын өздігімен жартылай ұсақтау диірмендерінің іске қосу-реттеу жұмыстары басталды. Бозшакөлдегі мыс концентратының өндірісі таяу уақытта басталады. Бозшакөлде тау-кен жұмыстары басталғалы бері өндірілген кеннің құрамында 70 мың унция алтын мен 469 мың унция күміс бар. Бұл металлдар 2016 жылы мыс концентратының құрамында ілеспе өнімдер ретінде өңделіп, сатылады.

      Топтың 2015 жылғы қаржылық нәтижелері 2016 жылдың 25 ақпанында ұсынылатын болады.

     KAZ Minerals Тобының басқарма Төрағасы Олег Новачук былай деп мәлімдеді: «2015 жылы Шығыс Қазақстанның кәсіпорындары мен Бозымшақ кен орны барлық металлдар бойынша жоспарланған өндірістік көрсеткіштерге қол жеткізіп, олардан асып түскендігін қуанышпен хабарлаймын. Оған қоса, біз Ақтоғайдағы тотыққан кеннен алғашқы катодты мысты алдық және таяу уақытта Бозшакөлдегі мыс концентратының өндірісін күтіп отырмыз. Бүгінде компания Бозшакөл КБК жобалық қуатына шығаруды мақсат тұтып отыр. Үш жылдың ішінде Бозшакөл мен Ақтоғай тау-кен өндірісі секторындағы ең жоғары өсім қарқындарын көрсетпек».

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті