Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Атыс түрлерінен Азия чемпионаты қазақстандық спортшылар үшін сәтті басталды

29.01.2016

Атыс түрлерінен Азия чемпионаты қазақстандық спортшылар үшін сәтті басталды

       Дели қаласында 25 қаңтар күні атыс спорт түрлерінен Азия чемпионаты басталған болатын. Биыл Рио-де-Жанейро қаласында өтетін Олимпиада ойындарының жолдамалары сарапқа салынатын бұл байрақты бәсеке 3-ақпанға дейін созылады. Жарыстардың үшінші күнінің қорытындысы бойынша, құрамына астаналық Андрей Могилевский мен  қызылордалық Максим Коломоец енген біздің команда атыс спортының «трап» түрінен Олимпиада жолдамасын жеңіп алды.

      Еске салып өтейік, Олимпиада ойындарының бағдарламасы аясында атыс спортынан жарыстар келесі тәртіптер бойынша өткізіледі: Домалақ стенд (немесе скит); Траншея стенді (немесе трап); Дубль-трап.

        Стенд атысы ең ежелгі олимпиалық ойындардың бірі болып табылады. Одан алғашқы медальдар 1900 жылы Парижде өткен ІІ Олимпиада ойындарында табыс етілді. Сол уақыттан бері стенд атысы 1904 және 1936 жылдардан басқа барлық ойындардың бағдарламаларына енген болатын.

        1996 жылдан бастап ерлер мен әйелдер сайыстары бөлек өткізілетін болды. Ал стенд атысынан Әлем чемпионаттары 1935 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Барлық жарыстар Халықаралық спорт атысы федерациясының (ISSF) жалауы астында жүзеге асуда. 

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті