Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Ресей мен Моңғолиядағы қазақ имамдары Алматыдағы Ислам институтында діни білімдерін жетілдіріп жатыр

29.01.2016

Ресей мен Моңғолиядағы қазақ имамдары Алматыдағы Ислам институтында діни білімдерін жетілдіріп жатыр

       
       Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы Ресей Федерациясының Омбы облысына жасаған ресми сапары барысында Омбы қаласындағы Қазақстан Республикасы консулдығының басшысы Елдар Қонаевпен кездесті, деп хабарлады ҚМДБ баспасөз қызметі.

         Кездесуге ҚМДБ Ғұламалар Кеңесінің хатшысы Ершат Оңғаров, ҚМДБ Баспасөз бөлімінің меңгерушісі Ағабек Қонарбайұлы, ҚМДБ Іс басқарушысы Ербосын Орын қатысты.

          Консул мырза қазақстандық делегация мүшелеріне қаладағы қазақтардың бүгінгі тыныс-тіршілігі туралы баяндап берді. Елдар Асқарұлының айтуынша, бүгінде Омбыда қазақтар саны 100 мыңнан асады. 8 мешіт бар екен. 10-ға жуық қазақ ұйымдары мен қоғамдық бірлестіктер жұмыс істейді.

      Консул Омбыдағы қазақ имамдарына қамқорлық жасап келе жатқан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына алғысын жеткізді.

         «Шеттегі қандастарға қамқорлық жасау - біздің міндетіміз. Қазір Омбы, Орынбор, Моңғолия, Алтайдағы қазақ имамдары Алматыдағы Ислам институтында білімін жетілдіріп жатыр. Шетелдегі қазақ молдаларын қазақ тіліндегі діни оқу құралдармен, діни киімдермен қамтамасыз етіп отырмыз», - деді Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.       

4

        http://www.inform.kz/kaz/article/2865064     

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті