Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Футболдан Қазақстан құрамасы Грузия және Қырғыз еліндегі құрдастарымен ойнайды

29.01.2016

Футболдан Қазақстан құрамасы Грузия және Қырғыз еліндегі құрдастарымен ойнайды

     Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының жолдастық кездесудегі қарсыластары белгілі болды. Алғашқы ойында олар 29-наурызда Тбилисиде Грузия футболшыларымен кездеседі. Ал, 30 тамыз күні сырт алаңда Қырғызстан құрамасымен ойнайды.

         Қазақстан құрамасы Грузия футболшыларымен 2006 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу турнирінде бір топқа түскен еді. Алматыда өткен ойында біздің футболшылар 1:2 есебімен жеңілсе, Тбилисиде өткен матч 0:0 есебімен аяқталды. Қазақстан мен Грузия құрамалары арасындағы соңғы матч 2013 жылдың 14-тамызында «Астана Арена» стадионында өтті. Сол кездесуде Сергей Хижниченко соққан голдан кейін Қазақстан құрамасы 1:0 есебімен жеңіске жеткен болатын.

         Қазақстан құрамасы Қырғыз футболшыларымен 7 жолдастық кездесу өткізіп, оның бесеуінде жеңіске жетті. Ал, екі ойында жеңімпаз анықталмады. Екі елдің құрамалары арасында соңғы матч 2014 жылдың 5 қыркүйегінде «Астана Арена» стадионыда өткен еді. Сол ойында Қазақстан құрамасы 7:1 есебімен айқын жеңіске жеткен болатын.

         Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан мен Әзірбайжан құрамалары 26-наурыз күні Түркияның Анталия қаласында жолдастық матч өткізетіні хабарланған еді.  

          ҚФФ баспасөз қызметі

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті