Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Оқырман «Байтайлақ батырмен» қауышты

01.02.2016

Оқырман «Байтайлақ батырмен» қауышты

    Алматыда ақпанның 1-і күні Әдебиетшілер үйінде Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған мерейтой аясында өткізілген «Ақтабан шұбырынды» дәуіріндегі қазақ батырларының бірі – Байтайлақ Бейімбетұлын ұлықтауға арналған шаралардың қорытынды кеші өтті. Онда  «Байтайлақ батыр» (1703-1781) деп аталатын кітаптың тұсаукесері жасалды. Тарих ғылымдарының докторы, профессор Ахмет Тоқтабайдың жауапты редакторлығымен «Мерей» баспасынан жарық көрген бұл еңбек бірнеше бөлімнен тұрады. Оның біріншісі – Байтайлақ  Бейімбетұлының тарихи болмысы, жоңғар шапқыншыларына қарсы соғыстағы орны мен рөліне арналған. Екіншісі, «ХХVIII ғасырдағы қазақтардың «Ежелгі жер арманы» және Байтайлақ батыр» атты ғылымыи-тәжірибелік конференция материалдары. Үшіншісі, батыр рухына арналған толғау-поэмалар мен арнау, әңгіме. Төртіншісі, Байтйалақ батырдың ерлігін ұлықтауға байланысты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғ,ан мақалалар мен сұхбаттар.     

    Кешті жүргізген Алмас Ахметбектің айтуынша, бұл Керей ұлысының Шеруші тайпасының ұраны болған Байтайлақ батырға арналған шаралардың сірге жияр басқосуы. Ол  2015 жылдың қазан айында Шығыс Қазақстан облысының Қалбатау жеріндегі батырдың қорымына сәулетті кесене тұрғызумен басталған болатын. Содан кейін ол Астанадағы Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде халықаралық деңгейдегі ғылыми конференциямен жалғасты.

      «Қазір кейбір жастар қазақтың батыры не деген көп, таусылмайтын дейді.  Бұл істің мәнісіне бойламаған адамның сөзі. ХХVIII ғасырда қазақ батыр болмай өмір сүруі қиын еді. Сұмдық жағдайлар болды, бастан кешкен. Біз саны қазақтың үштен біріндей ғана жоңғардан неге жеңілдік? «Ақтабан шұбырындыдан»  қазақ даласының кеңдігінен ғана аман қалды», -  деді  халық жазушысы Қабдеш Жұмаділов.

      Ерлік Ержанұлы

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті