Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Жас та, адам да, ұлт та талғамайтын жаңа кино көрерменге жол тартты

02.02.2016

Жас та, адам да, ұлт та талғамайтын жаңа кино көрерменге жол тартты

         Алматыда 1-ақпан күні «Мезет или просто жизнь» атты жаңа көркем фильмнің БАҚ өкілдері мен шығармашылық қоғамдастыққа арналған  тұсаукесері өтті. Кинотеатрларда 4-ақпаннан  бастап көрсетіле басталатын бұл туындының режиссері Ақжол Әбілов. Бұл оның алғашқы толық метражды туындысы. Шынайы өмір жағдайларына негізделген фильм сценарийін ол Ардақ Қарықболовамен бірлесіп жазған көрінеді.

       Кәсіби білім иесі ретінде режиссер Ақжол Әбілов бұл фильмде мамандандырылған  және еңс кемінде тәжірибесі бар актерлардың ойнауын басты назарда ұстағанын айтты. «Оған 3,5 ай уақыт жұмсадық. Мақсат – адам өмірінің әр сәтін бағалай білуді көрсету. Қазақ, орыс тілдерінде түсірілген бұл киноның неге екі тілде жасалғанын көрермен көрген кезде өзі түсінеді. 12 жастан жоғарғы барлық адамға арналған. Ол жас та, адам да, ұлт та талғамайтын кино.  35-40 млн. теңге қаржы жұмсалған бұл туынды биыл болатын бірқатар кинофестивальдерде бақ сынап көрмек. Ал осы айдың аяғында көршілес қырғыз елінің Бішкек қаласында прокатқа шығады деп жоспарланып отыр», – дейді А.Әбілов.  Биыл жыл соңына дейін енді екінші үлкен туындысын жарыққа шығаруды жоспарлап жүрген ол өз киносын көрерменді тәрбиелеу үшін, оларға ой салу үшін ғана түсіретінін айтты.

         Басты кейіпкерлерін Нұржан Садыбеков, Нұржан Тұтов, Гүлбахрам Байбосынова, Алмат Сақатов, Ерден Телемісов, Азат Сейтметов секілді өнер иелері сомдаған туынды 2016 жылдың алғашқы қазақ киносы болып отыр. Фильмнің оқиғалар желісі тәкаппар, менмен және айналадағы адамдардың пікірімен санаспайтын Асқар (Н.Садыбеков) есімді бойдақ әрі табысты азаматтың  бір мезеттік есін жоғалту кезінде басынан өткен уақиғаларына негізделген.  

           Ерлік Ержанұлы    

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті