Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Мәскеуде Қазақстанның сауда үйі ашылды

05.02.2016

Мәскеуде Қазақстанның сауда үйі ашылды

20160126003443

 
         Мәскеудің ең ірі «Фуд сити» көтерме-бөлшек сауда азық-түлік орталығында «Оңтүстік Қазақстан» сауда-көрме залы ашылды. Жобаны Ресейдегі Қазақстан Елшілігінің және Сауда өкілдігінің қолдауымен «KazFood» брендімен «Призма групп» компаниясы ұйымдастырып отыр.Сауда-көрме залының салтанатты ашылу рәсіміне Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев, Қазақстанның Ресейдегі сауда өкілінің орынбасары Гүлжан Бодықова, «Фуд сити» агрокластерінің бас директоры Омар Абрамов, ресейлік бизнес және қазақстандық кәсіпорын өкілдері қатысты.Салтанатты шара барысында сөз алған ОҚО әкімінің орынбасары С.Тұяқбаев Мәскеудің ірі сауда орталығында Оңтүстік Қазақстанның тұрақты жұмыс істейтін көрме орталығының ашылуы қазақстандық және ресейлік тараптың ұзақ уақыттан бері жүргізген жұмысының нәтижесі екендігін атап өтті. «Павильонды ашудағы мақсат қазақстандық өндірушілердің өнімдерін таныстыру. Ресей астанасының барлық ірі сауда желілері мен мейрамхана бизнесі тауарларын осы орталықтан сатып алады. Осылайша, біздің отандық өндірушілерге Мәскеу нарығына жол ашылды», — деді С.Тұяқбаев.

       Оның атап өтуінше, алдағы уақытта жеміс-жидек, ет-сүт өнімдерін, тоқыма бұйымдарын Мәскеу нарығына жеткізу жоспарланған. Сондай-ақ Мәскеуде қазақстандық өнімдер сататын шағын дүкендер желісін ашу да көзделіп отыр.

      Қазақстанның Ресейдегі сауда өкілінің орынбасары Г.Бодықова да өз сөзінде аталған жобаның болашағы зор екендігін атап өтіп, оның қазақстандық дайын өнімді экспортқа ілгерілетуге өз септігін тигізетіндігін айтты. Оның сөзіне қарағанда, жыл бойы Қазақстанның Ресейдегі сауда өкілдігі Мәскеуде, Мәскеу облысында және Ресейдің басқа да өңірлерінде тағы да 12-14 дүкендер мен сауда алаңдарын ашуды жоспарлап отыр.

     «Оңтүстік Қазақстан» павильонында әзірше қазақстандық өнімнің 24 түрі ғана қойылған. Дегенмен таяу аралықта жобаға қатысушылар тауар түрлерін жүзге жеткізуді жоспарлап отыр.

       Автор: Марлан Жиембай 

   Дереккөз: ҚазАқпарат агенттігі


    

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті