Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Талғат Мамашев Қытайдағы белгілі ақын, жазушы, этнограф Нұрила Қызыханқызын қабылдады

09.02.2016

Талғат Мамашев Қытайдағы белгілі ақын, жазушы, этнограф Нұрила Қызыханқызын қабылдады

        Алматыда Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мамашев 8-ақпанда Қытай қазақтарының арасынан шыққан белгілі ақын, жазушы, этнограф Нұрила Қызыханқызын қабылдады. Онда қазақтың ұлттық мұраларын жинастыру және оны ғылыми айналымға түсіру жайы сөз болды. Қытай қазақтарының арасындағы бұл бағытта атқарылып жатқан іс-шаралармен таныстырған этнограф, оны бүкіл қазақтың игілігіне пайдалану мүмкіндіктерін қозғады. Т.Мамашев еліміздің көші-қон саясатындағы жаңа өзгерістермен және қауымдастықтың алдағы жұмыс жоспарларымен таныстырды. Сондай-ақ  "Атажұрт" баспа орталығынан 2015 жылы жарық көрген шетелдегі қазақтарының кітаптары мен қауымдастық шығарып отырған "Туған тіл" альманағы мен "Алтын  бесік" журналының сандарын тарту етті.      

     «Бұған дейін Қазақстанда «Аңшылық хикаяты» деген кітабым жарық көрген болатын. Бұл жолы «Қазақ ою-өрнектерінің құрылымы туралы» және «Қазақтың саятшылық мәдениеті» деп аталатын екі кітабымды алып келіп отырмын. Қазір этнографияға қызығушылар көп. Алайда олардың кейбірі бір жерден естігені мен оқығанын талғаусыз кітап етіп шығарып, ағат таныстырып жатыр. Оның қайсысы оң, қайсысы теріс екенін анықтау үшін алдымен жинастырып алу керек екені күмәнсіз. Әзірге бұл жұмыс 70-80 пайызға ғана орындалды»,  – дейді И.Қызыханқызы.

      Ерлік Ержанұлы

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті