Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Жәди Шәкенұлының жаңа кітабы жарық көрді

10.02.2016

Жәди Шәкенұлының жаңа кітабы жарық көрді

       Астана қаласындағы «Өрнек» баспасынан жазушы Жәди Шәкенұлының «Ақылнама» атты жаңа кітабы жарық көрді. Аталған кітап А-4 форматында, 470 беттен тұрады деп хабарлайды BAQ.KZ. 

       Мұнда жазушының әр кездегі ой маржандары, естелік-күнделіктері, ата шежіресі, өлең-хикаяттары топтастырылып, әулеттік баян түрінде берілгенімен, көпшілік оқырманның кәдесіне жарайтын тұстары да аз емес. Әсіресе, ұрпағын жаһандану атты аждаһадан аман алып қалуды ойлайтын періште пейілді жандарға берер тәліматы тіпті де мол.

          Жазушы «Ақылнама» атты жаңа кітабы жайында: «Біз кеше кім болдық, бүгін кімбіз, ертең кім боламыз және қандай боламыз? Әр пенденің бұл сұраққа шама-шарқынша жауап беріп, оны ұрпағына ұсынуы аталық парызы. Қолыңыздағы кітап аталған сауалға жауап іздей отырып, адам болудың ақ жолын қарастырады. Сондықтанда бұл кітап ұрпаққа, болашаққа арналған адал жүрегімнің аманаты», - дейді.
         Бұл еңбек – жақында ғана Халықаралық Шыңғысхан академиясының академигі атанған, Қазақстан Жазушылар одағының, Еуразия жазушылар одағының мүшесі Жәди Шәкенұлының атажұртта жарық көрген 9-кітабы екен.
       Жазушының бүгін де ұстаздық мінберде жүргенін ескерсек, әрине, бала үшін барын арнайтын баба дәстүрінің алтын арқауын жалғаған құтты қадамына тек қана сәттілік, шығармашылық табыстар тілейміз.  

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті