Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Қыздар университетінде ерекше заттар көрмесі өтті

11.02.2016

Қыздар университетінде ерекше заттар көрмесі өтті

     Алматыдағы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде 10-ақпанда  қажет емес заттардан жасалған бұйымдарға арналған ерекше көрме өтті. Оны тұрмыстық заттардың қалдықтарынан жаңа зат жасау арқылы студенттердің шығармашылығын дамыту, педагогикалық мамандықтары студенттерінің экологиялық мәдениеті мен көркем шығармашылық саласындағы кәсіби құзіреттіліктерін қалыптастыру мақсатында Мектепке дейінгі және бастауыш кафедрасы ұйымдастырған болатын.      

     Көрмедегі «Көңілді ферма», «Кира торай», «Алтын балық» деген сияқты түрлі атауларды алған алуан түрлі бұл заттарды баланың ойлау қабілетін дамытуға әсер ететін, оңай әрі тез жасалатын заттар көрнекілік құрал ретінде пайдалануға да әбден болады. Көрмеге қойылған заттарды таныстыру кезінде оның қандай заттардан жасалғанына ғана тоқталып қоймай, өз туындыларын өлең жолдарымен таныстырған белсенді студенттер өз мамандықтарын шын ықыласпен таңдағандықтарын көрсетті.     

     Көрмеге қойылған заттар өзіндік ерекшелігі, эстетикалығы, экологиялық құндылығы, пайданылған материалдардың әртүрлілігі бойынша сарапқа салынды. Оның нәтижесінде «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 3-курс студенттері: Карина Шабдан, Әсел Әбілқайырова, Рушана Садықованың жұмыстары Бас жүлдеге ие болды. Ал «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығының 4-курс студенті Нұрбүбі Имарджанова,  «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының 3-курс студенті Нұрсұлу Жақыбай І орын иеленсе, «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының 2 және 3-курс студенттерінен 202, 302 тобы жасаған жұмыстар ІІ орынға лайық деп танылды. «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 2 курс студенттері, яғни 205 топ пен 2-курс студенттері Аяулым Сағатжан, Анель Сұлтанбекова, Ольга Шегай ІІІ орын алды.

      «Біз сабақта өз мамандығымызға қатысты пәндердің барлығын өтеміз. Еңбекке баулу пәні бойынша шығармашылық жұмыстармен айналысып келеміз. Осындай байқауға қатысқанымызға қуаныштымыз. Бәсекелесе отырып жақсы нәтиже шығара аламыз», – дейді педагогика және психология факультетінің 2-курс студенті Еркежан Қаймоллаева.

       Ұйымдастырушылардың айтуынша үздік жұмыстар Абай атындағы ҚазҰПУ-да өтетін көрмеге апарылады. Бұл тәжірибе алмасуға, кәсіби шыңдалуға мүмкіндік берері сөзсіз.

          «Қыздар университеті» медиа орталығы 

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті